Өлім аузында жатқан адаммен сөйлесудің ерекше тәсілдері
Өлім аузында жатқан адаммен сөйлесудің ерекше тәсілдері

Кәсіби хосписте көмек көрсету Ассоциациясы мен қайырымдылық «Вера» (Сенім) қоры 2 жыл қатарынан дәрігерлер мен мейірбикелерге арнап конференция ұйымдастырып жүр. Бұл жолы тыңдаушылардың саны өткен жылмен салыстырған бес есе көп болды. Швеция, Польша, Израиль, Германияның мамандары өз тәжірибесімен бөлісті. Линн Халамиш жақын адамдармен қалай қоштасып, медицинаның мүмкіндігі жетпейтін ауруларға қалай көмектесу керектігін айтып берді.

Соңғы қоштасу сөздері...

Қоштасуға бес сөйлемді қолдаунға болады: «Кешір мені», «Мен сені кешірдім», «Мен сені жақсы көремін», «Барлығына рақмет», «Қош бол»

Естеріңізде сақтаңыздар, бастапқы үш сөздің өлімге ешқандай қатысы жоқ. Мен ол сөздерді балаларым мен күйеуіме жиі айтамын. Сіздер де солай істеңіздер. Ешкім дәм-тұзының қашан таусылатынын білмейді ғой. Төтенше жағдайға түскен адамдар бәрінен де жақындарына мейрімділік танытып, жақсы көретіндерін сирек айтқанынан өкінетінін жиі естиміз. Адамдар өлім аузында жатқандармен неліктен сөйлесуге қорқады? Жаны қиналған жанның немесе өліп бара жатан адамның көзіне қарау қиын. Біз көздеріне тік қарамауға тырысамыз. Дәрігер палатаға кіреді де амандасып, қал-жағдайын сұрайды. Бұл уақытта емделушінің көзіне емес, жастыққа немесе көрпеге қарап тұрады. Мейірбикелер де дәл солай. Тіпті, туыстарының өзі де өлім аузында жатқан адаммен оңаша қалмауы үшін екі-екіден келеді немесе палатаға кіре сала газет оқи бастайды. Біз көзге қарау арқылы адамды елеп тұрғанын білдіреміз. Ауру адаммен ондай байланыс болмаса, олар үшін бұл әлеуметтік өліммен тең.

Өлім себептері жайлы...

Ауырып жатқан адаммен және олардың туыстарымен міндетті түрде ауруының себебі жайлы сөйлесу керек. Себебі, көп жағдайда адамдар өмірде бірдеңкені дұрыс істемегені үшін жазамды алып жатырмын деп ойлайды. Мен балалардан «қалай ауырып қалдың?» деп сұрағанда, көбіне «Мүмкін мен жаман бала болғаннан кейін шығар» деген жауап естимін. Мұндай жағдайда мен жай ғана «Мүмкін сен жаман бала болған шығарсың. Бірақ, бұл сенің ауруыңа ешқандай қатысы жоқ» деп жауап беремін. Ауру балалар «Неліктен мен?» деген сұрақ қоймайды. Олар өз бетінше жауап табады. Мен өлім аузында жатқан 16 жасар баламен сөйлестім. «Мен өткен өмірімде жаман істер істедім. Сондықтан, қазіргі өмірімде соның жазасын алып жатырмын. Алайда, ендігі өмірім керемет өтеді» дегені есімде. Мұндай жауапты естігенде онымен тайталасудың қажеті жоқ. Себебі, бұл оның ішкі ойы, түйсігі.

Жағымсыз жаңалық жайында...

Дәрігерлер "емделушінің отбасы оған диагнозы туралы айтуға рұқсат бермесе не істеу керек?" деген сауалды жиі қояды. Бірінші туысқандарына ма, әлде өзіне айту керек пе? Дәрігердің моральды міндеттері бар. Тағдыр да, өмір де емделушінікі екенін түсінуіміз керек. Керісінше ауырып жатқан адам өз ісіне жауап бере алатындай жағдайда болса, диагнозы туралы туыстарына айту керектігін емделушіден сұрауымыз қажет. Ешқашан емделушіні алдамаңдар, оларға жоғарыдан қарамаңдар. Ол шешім қабылдай алатын ересек адам екенін естен шығармау керек. Жаман жаңалыққа үнемі тек қарсылық болмайды. Егер адам ұзақ уақыт бойы хосписте жатса, жан-жағында не болып жатқанына мән беруден қалады. Оның отбасы да шаршайды. Олар жақынының қиналып өткен өмірі үзілгенде олар да жеңілдегендей болады. Бірақ, ол үшін туыстарын жазғырудың қажеті жоқ. Себебі, одан кейін ауырлық сезімі келеді. Біз ол адамдардың есін жинауына көмектесуіміз керек.

Дереккөз: lenta.ru Аударған: Әсем Әлмұханбет

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 4196
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167