Абайдың өлеңдер жинағы корей тіліне аударылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елшілікке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің қолдауымен корей тілінде ұлы Абайдың өлеңдері қамтылған «황금천막에서부르는노래» (Алтын шаңырақта шырқалған ән) атты кітап жарық көрді.
Бұл кітап Абайдың 106 өлеңі мен 2 эпикалық поэмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан тұрады.
Кітаптың авторы корейлік жазушы Ким Бён Хак болып табылады. Ол 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматы облысының Үштөбе қаласындағы корей орталығында жұмыс істеді.
Өлең жинақтарымен қоса, Оңтүстік Кореяда Абай мен Әл-Фараби бейнелері жазылған маркалар пайда болды. Елдегі негізгі пошта операторы «Korea Post» алғаш рет Қазақстан маркаларын басып шығарды. Маркалардың дизайны ағылшын тілінде Абайдың 175 және Әл-Фарабидің 1150 жылдығының белгілерімен дәйекті стильде жасалған.
«АБАЙДЫҢ ҰЛЫ ЖҰМБАҒЫ» (ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ)