Ораза ұстау өзіңді ұстау деген сөз. Адам опық жесе қандайда бір нәрседе өзін ұстай алмағаннан опық жейді. Арыны тау суының тасқынындай бір сәттік құмарлықты ұстай алмағаннан опық жейді. Айтпай-ақ қойса да болатын сөзді қызбалықпен лақ еткізіп айтып салғаннан опық жейді. Ораза ерік-жігерді басқаруға үйретеді. Оразаны шынайы түсініп ұстаған адамды ораза да ұстайды (әрқандай келеңсіздіктен тосады). Ораза ұстаушылардың кейбірін ораза ұстамайды.
Нұрбол Сейілбек, дінтанушы, публицист