Ертіс өңірінде тұратын Құрманғалиевтер орманшылар әулетінің жалпы еңбек өтілі - 458 жыл. Бүгінде үлкен жанұсның 25 мүшесі орман шаруашылығында жұмыс істейді. Жасыл желек жанашыры Қарағұл Есмақұлымен аймақтағы тілшіміз жүздесіп, әңгімелесті.
Еңбек кітапшамда бір-ақ жазба бар
Құрманғалиевтер жанұясының төрт ұрпағы Шалдай орман шаруашылығының Чушқалық бөлімшесінде тынымсыз еңбек етеді. 65 жастағы Қарағұл Есмақұлы 42 жылын орман шаруашылығына арнады. Бүгінгі таңда мәуелі бәтеректей жайқалған қазыналы қарияның ұл-қыздары өмір бойы табиғатты аялауды мақсат етсе, немере-шөберелері да осы мамандықты игеріден дәмелі.
«Мен Шалдай орманшылығының маңындағы Ближняя Бузолан ауылында дүниеге келдім. Әкем Есмақ орман шаруашылығынды өмір бойы еңбек етті. Кішкентай кезімде әкем бізді орманға жиі апаратын. Орман қорын есептеуге көмескенім, әкемнің жасыл желекке деген ерекше ықыласы мен сезімі есімнен кетпес. Содан болар, мектептің 10 сыныбын тәмамдап, Алматыға жол тарттым. Себебі, сол кезде орманшылар тек Оңтүстік астанамазда даярланатын. 1975 жылы Еңбек Қызыл Ту Қазақ орденінің ауыл шаруашылық институтын тәмамдадым. Еңбек жолымды Шалдай механикаландырылған орман шаруашылығында бастадым. Бірнеше жылдан кейін інім Тоқтар да осы оқу орнына түсіп, әке жолы қуды. Тоқтаросы салаға 38 жылын арнады. Оның тұсында орманда бірде-бір өрт тіркелген жоқ. Міне, 1976 жылдан бері Шалдай филиалының Чушқалы орманшылығында жұмыс істеп келемін. Еңбек кітапшамда бір-ақ жазба бар», - дейді Қарағұл Есмақұлы.
Чушқалық және Зауыттық орманшылығын Құрманғалиевтерсіз елестету қиын. Әулеттің негізін қалаушы Есмақ Әкімбайұлы Құрманғалиев - майдангер, Ұлы Отан соғысының ардагері. 1943 жылы ауыр жараланғаннан кейін қан майданнан оралып, «Қарашіліқ» шалғай кордонына жіберілді. Кейін Чушқалы орманшылығында 40 жыл күн-түн демей еңбектенген.
Мәскеуде қарсылық білдірдім
«Орманшының еңбегі оңай емес, еңбекақысы да жоғары емес. Шалғай орманшылықтарға жастар көп бара бермейді. Менің ойымша, орманшылар әулеттерінің арқасында жасыл желек қоры сақталып, қамқорлық көрсетілуде. Жас кезімде орманшылыққа келген сәт әлі есімде. Жалындап тұрғна шағымда жұмыс орныма келсем, қолымызда бір ГАЗ-66 мен «Газон» ғана барын көрдім. Сол ескі көліктің тіркемесінде сыйымдылығы 1,5 тонна болатын тіркемесі бар екен. Бойымды үрей биледі. Орманда өрт болса, сөндіруге қиын болады деген ой келді», - деп әңгімесін жалғастырды қария.
Чушқалық ормашылығының 15 мың 353 гектарды құрайды. Кеңес кезінде орманшылық ағаш әзірлеумен айналысқан еді.
«1976 жылы 20 мың текше метр ағаш дайындайтынбыз. Қарағайлар аяусыз кесіліп жатты. Бірнеше жыл қатарынан осындай кәсіппен айналыстық. Алматыда орманшылардың үлкен жиыны өтіп, мен Павлодар облысынан делегет ретінде қатыстым. Осы мәселеге қатысты ойымды ашық айтып, жалғаса берсе, орман байлығынан айырылатынымызды жеткіздім. Бақытыма орай, еститін құлақ табылды. Кейін Мәскеуде өткен Бүкілкеңестік орман шаруашылығы инженерлерінің жиыны өтті. Сол шараға қатысу мәртебесіне де ие болдым. Жиналыста инженерлердің алдында сөз алып, орманды сақтау мәселесін көтердім. Кейін орман ағаштарын дайындау жұмысына тосқауыл қойылды. Бұл – саналы өмірімнің жарқын сәттерінің бірі», - дейді орманшы.
"Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын"
Бүгінгі күнге дейін Қарағұл Есмақұлы төрт мың гектарға жас көшеттерді отырғызған. Әр гектарға 5,5 мың қарағай отырғызылды десек, 22 мың қарағай отырғызылды деген сөз.
«22 мың ағашты өз қолыммен отырғыздын деп мақтанышпен айта аламын. Қылқанжапырақтылардың өміршеңдігі 80%-ға артты. Бұл – жоғары көрсеткіш. "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген осы», - дейді ақсақал.
Бүгінде Құрманғалиевтер әулетінің 25 мүшесі орман шаруашылығында еңбек етеді.
Фото Құрманғалиевтер әулетінің жеке мұрағатынан