ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІ 1% ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ 60% ӨЗ УЫСЫНДА ҰСТАП ОТЫР
ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІ 1% ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ 60% ӨЗ УЫСЫНДА ҰСТАП ОТЫР

Қытайдың әлемге таралуы (миграция) туралы материалдарды оқи келе ең әуелі мынаны анық білесіз: Қытайдан өзге елге тарайтын, қоныстанатын кез келген адам өзімен бірге үш нәрсені алып жүреді. Ол – қытай медицинасы, қытай асханасы, қытай тілі. Яғни, қытай азаматы қандай елге барса да осы үш нәрсенің қызметін тұтынады әрі оған төлеген қаражаты да сол елдегі қытай кәсібін дамытады және Қытай қазынасын молайта береді. Тілін, медицинасын, асханасын өзімен алып келетін қытайлықтар жердің қай түкпірінде жүрсе де ұлт ретінде жойылмайды. Өзге ұлтқа сіңіп кету дейтін нәрсе қытайға жат нәрсе.

Қазіргі кезде әлемнің 140 елінде 80 миллион қытай мекендейді. Әр елде жоғарыдағы үш нәрсе бар. Мысалы, Малайзия экономикасының 70%, Тайлан экономикасының 80% қытайлар бақылайды. Филипин халқының 1% қытайлықтар. Сол 1% елдің ұлттық байлығының 60% өз уысында ұстап отыр.

Бұған түрлі елдердегі «Чайнатаундарды» қосыңыз. «Чайнатаунды» мемлекет ішіндегі мемлекет деуге болады. Қытайлар қоныстанған үлкен қалалардағы аудандар. Мәселен, Ресейдің қиыр шығысындағы облыс орталықтарында «Чайнатаундар» бар. Ең үлкен «Чайнатаун» - Владивостокта орналасқан. Бұл аудандар қытайлардың әлем елдеріне тоқтаусыз таралуынан пайда болған. Қазірде Қытайдан бір күнде (!) 113 адам өзге елге кетеді екен. Көптеген елдер соның ішінде ұлттық және мемлекеттік мүддесі осал, жемқорлық деңгейі жоғары елдер қытайлар қоныстануға таптырмас мекенге айналып отыр.

Қытай әлемді қарусыз жаулауға көшкен ел ретінде белгілі. Айталық, Қытай өкіметі өзге елдердегі қытайлардың (жерлестер деп атайды) жерлестік бірлестігінің пайда болуын, дамуын ынталандырып отырады. Елдің ішкі экономикалық саясатына байланысты өзге елдегі жерлестерінің де мәселелерін шешіп отырады. Және ресми Пекиннің қолдауымен халықаралық байланыстарды дамыта отырып, басқа елдерде қытай жерлестігін құруда да Қытай өкіметі жұмыс істейді. Тіпті атақты қытай «Триада» қылмыстық құрылымы да асқан мемлекетшіл, ұлтшыл болып келеді. «Триада» жат жерге қоныстанған жерлестеріне үнемі қамқорлық танытып, қаржылай көмектесіп отырады.

Мінекей, қытайдың әлемге таралуы Қытайдың үлкен саясатының негізгі бағыттарының бірі. Шетелге аттанған әрбір қытай азамат сол елде тұрақтап қалып, жерлес бірлестігін құруға дейін одан кейінде арттағы қалың елінен, өкіметінен әрдайым қамқорлық көріп, өзінің миссиясын жан-тәнімен беріле орындайды.

Abai.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 лет назад 4316
1 комментарий
  • Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман...
    Біз қазақтар осылардың деңгейінде бауырмал емеспіз. Тіпті бір-бірімізді ру-руға, жер-жерге бөліп жарамыз.
    9 лет назад
О блоге
0
660889 248 437 2368 167