Қабірдің тереңдігі неліктен 2 метр?
Қабірдің тереңдігі неліктен 2 метр?

Ағылшын тілінде көпшілікке танымал «6 фут тереңдікте» деген тіркес бар. Бұл тіркесті ауызға алған кезде адамдар өлім мен жерлеуді еске алады екен. Алайда адамдарды неге 2 метр тереңдікке жерлейтінін екінің бірі ойлай бермейтіні анық. Расымен де, мәйітті неге жерден 2 метр тереңдікте жерлейді? Бұл дәстүр Англияда 1655 жылдан бастап орын алып келе жатыр. Сол жылдары Англияда жұқпалы оба ауру тараған. Қасіретке толы жылдарда өзге адамдарға ауру жұқпас үшін Лондон қаласының әкімі мәйіттерді 2 метр тереңдікте жерлеу бойынша үкім шығарған, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі. Бастапқыда бұл шешімнің дұрыс, бұрыстығына күмәнмен қарағандар да аз болмаған. Себебі, ауру ең алдымен адамдарға емес жәндіктерге тарау арқылы жайылған. Бір қызығы, қазіргі күнде де жерлеу кезінде мәйітті 2 метр тереңдікке көму үлгісі сақталған. АҚШ-тың кейбір қалаларында бір жарым метрді де жеткілікті деп санайтындар бар. Ал бір жағдайларда 4 метр қазу арқылы мәйітті жерлеген. Бұл басқаларға да жерлейтін орын қалсын деген ойдан туған. Бұл шешімнің өзі марқұмның жақын туыстарымен ақылдаса отырып қабылданады. Бүгінде 2 метр ең көп таралған тереңдік болып табылады. Бұл тереңдіктен асырып жерлеу біршама қиындықтар тудырады. Су тасқыны көп орын алатын мекендерде мәйіт топырақтың бетіне шығып кетіп жатады. Ұлыбританияда адамдар осы қалыпты ғасырлар бой сақтап келеді. Ал мұның себебі басқа. Арнайы қызметкерлер мәйітті қалыптасқан тереңдікте жерлеуді сұрайды. Табытты аңдар қазып алмайтын тереңдікте жерлеуді ұсынады. Осыдан шығатын қорытынды: егер мәйітті біршама тереңдікте жерлемесе денесі аң мен құсқа жемтік болады, ал 2 метрден асырып жерлеу ауыр, әрі көп жұмысты талап етеді. Қазіргі ағылшын тілінде «6 фут тереңдікте» тіркесі нақты орныққан заң емес. Жергілікті жердің жағдайы мен сол жердің дәстүрі ескеріліп жерленеді. Әдеби шығармаларда өз-өздеріне қол жұмсаушыларды күнәһарға балап, олардың денесін 3 метрден төмен немесе моладан тыс жақтарға жерлегендерін байқаймыз. Дүниеден өткен адамның денесі тіршілігін тоқтатқаннан кейін бөлшектене бастайды. Бұл кезең тірі адамдар үшін өте қауіпті болып саналады. Адамның тірі кезінде қолданған заттары да біршама қауіп тудырады. Әсіресе, мәйіт тірі кезде жұқпалы аурумен ауырған болса одан да қорқынышты. Қаншама мыңдаған адамның өмірін жалмаған жұқпалы аурулардың тарауы ескі мәйіттерді қазу барысында орын алған. Мәйітті жерлеудегі тереңдікті бірнеше дерекке сүйеніп анықтауға болады. Мола адамның денесін жер асты суларынан және жануарлардың қазуға қауқары келмейтін жерлерден қорғайды. Орыс әміршілерінің ішінде медициналық жақтан да, дәстүр жағынан да бір қалыпқа түсіруді ойлаған Петр патша болатын. 1723 жылы Петрдің жарлығымен моланы 2 метр тереңдікте қазу қолға алынды. Бұл шешімнің дұрыс екенін уақыттың өзі көрсеткен болатын. Зираттардың белгілі бір қалыпты сақтамауы салдарынан 1771 жылы І Александр тұсында халық арасында оба ауру тараған. Онымен қоса, марқұмдарды жерлейтін жердің тапшылығы да өршіп тұрған кезең болатын. Қабірдің тереңдігі санитарлық қалыпқа сай болуы керек. Ол үшін жергілікті жердің экологиясы мен орналасуына қарай заңдастырылып, арнайы қалып енгізіледі. Ал адам үшін қабірдің тереңдігі неге маңызды? Адам жер қойнына тапсырылған кезде қабірдің тереңдігі үлкен рөл атқарады және мәйіт жер асты судан қорғалып тұруы керек. Судың қай арнаға барып құятынын ешкім білмейді. Адам ағзасындағы зиянды қалдықтарды өзге бір организмге тасымалданбауы да маңызды.

Дайындаған: Айгерім Таубай

qamshy.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 лет назад 4947
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167