1. Ғалымдар кристалл тұзынан жасанды қар ұлпаларын жасауды ойлап тапты.
2. Жер бетінде өмір сүретін адамдардың жартысынан көбісі қарды мүлде көрмеген.
3. Ғалымдар осы уақытқа дейін бір -біріне ұқсас қар ұлпаларын таба алмаған.
4. Қар күн сәулесінің 90 пайызын шағылыстырады.
5. Негізінен қар ұлпасының диаметрі 5 мм ,массасы 0,04 граммды құрайды.Осы уақытқа дейін табылған ең үлкен қардың диаметрі - 38 сантиметр. Бұл қар ұлпасы АҚШ –тың Монтана штатына 28 қаңтар 1887 жылы жауған.
6. Қар ұлпасының 95 пайызы ауадан тұрады.
7. Биік таулар және полярлық аймақтардағы «қарлы хламидомонада» деп аталатын балдырлар әсерінен қар қызыл немесе қызғылт түсті болады.Бұл қардың дәмі қарбызға ұқсайды.
8. Қар ұлпаларының жылдамдығы сағатына бір шақырымнан аспайды.
9. Қар тек Жерде ғана емес Марс пен Титанда және Сатурн серігінде бар.Марста қар ұлпалары көмірқышқыл газынан,ал Титанда метаннан жауады.
10. 1949 жылы Сахараға қар жауған.
11.Жапонияда қар ұлпаларына арналған мұражай бар.
12. 19 қаңтар - бүкіләлемдік "Қар күні".
13. Финляндия аумағындағы "саам" халқының тілінде қар, мұз және олардың түрлерін сипаттайтын 180-ге жуық сөз бар,ал эскимос тілінде 20-дан астам сөз бар.
14. Қардың бір текше метрінде үш жүз миллионнан астам қар ұлпалары болады.
15. Су бетіне түскен қар балықтарға өте жағымсыз дыбыс шығарады екен,бірақ адамдар бұл дыбысты естей алмайды.
16. Жапон халқының арасында өз жеріне жауатын қардың басқа елдерге қарағанда ерекше болатыны жайында аңыз да бар.
17. Алғашқы қардың фотосуреті микроскоп арқылы 1885 жылы түсірілген. Американдық фотограф Уинстон Бентли бұл сәтті кадрды түсіру үшін 46 жылын сарп еткен.
Қар мұражайы
Қыс - табиғаттың ең әсем,ең көрікті жыл мезгілінің бірі.Өз қаһарына мінген аязды күндер,аяқ астындағы сықырлап жатқан қар,айналаның түгел аппақ түске малынған көрінісі, аспаннан жауған ұлпаларға қарап тамсанатын сәттер бәрі- бәрі керемет...
Қар мұражайы? Естуіңіз бар ма? Әлемнің қай түпкірінде қар мұражайы орналасуы мүмкін?
Көп уақытқа дейін ғалымдар қар ұлпаларын суретке түсіре де ,тіпті, микроскоппен жақыннан көре де алмады.Тоқтаңыз.Сіз қар ұлпаларының бірі екіншісіне ұқсамайтынын естіп пе едіңіз?(қар мен қар ұлпалары туралы қызықты деректер) Арнайы қар ұлпаларының жиынтығына арналған бұл мұражай Жапония мемлекетінің Хоккайдо аралында орналасқан.
Накая Укитиро(1900-1962 жж)-мұражай негізін салушы және Жапонияның физика ғылымы саласына үлес қосқан ғалым.Ол 1933 жылдан бастап жасанды қар ұлпаларын зерттей жүріп,оларды жеті түрге бөлді және 3000-ға жуық қар ұлпаларының жинақтамасын жасады.Зертханалық жұмыстарында мұз кристалдарынан жасанды қар жасап шығаруды мақсат етті.Көптеген материалдарды сынақтан өткізе отырып,1935 жылы төменгі температураға арналған зертхананың негізін қалады.
Ондағы көрме залдарын аралап жүрсеңіз қар үңгірінде жүргендей ғажайып күй кешесіз.Ұлпа жинақтамасымен қатар,сурет көрме залы мен музыка залы да бар.Мұражай баспалдақтары алты қырлы ұлпаға ұқсатылып салынған.Ескеретін жайт,мұражай залдары салқын, сондықтан жылдың қай мезгілінде келсеңізде өзіңізбен бірге жылы киім алып жүргеніңіз жөн.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz