Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналған құрылғы ойлап тапты
Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналған құрылғы ойлап тапты

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы құрылғы әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Имплантталатын кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі» жобасы Астанада өткен байқауда I орын алды. Жұмысты сәтті қорғағаны үшін Алдияр Нақыпқа Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты берілді.

«Біздің құрылғы тері астына имплантацияланады, ал электродтар қан тамырлары арқылы жүрекке орнатылады. Құрылғы аурудың түрін бірден анықтайды және арнайы электрлік импульстарды жібереді. Бұл импульстар жүрек бұлшықеттеріне әсер етеді, олардың жұмысын тежейді немесе тездетеді», - деді ол.

photo

Кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі тахикардияны, брадикардияны және қарыншалар фибрилляциясын емдеуге көмектеседі.

Оқушы аталған жобаны Назарбаев зияткерлік мектептерінің Наурыз кездесулерінде таныстырды. Биылғы жылы биомедицина, инженерия және технологиялар байқауына 6 секцияда 100-ге жуық жоба қатысқан. Қарағандылық оқушылардың жұмысы «Ақылды» протездер мен олардың элементтерін жасау» санатында үздік деп танылды.

Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналған құрылғы ойлап тапты

Ал, Қарағанды NIS-тің тағы бір оқушысы Ұлан Мұстафин «Адам ағзасының функционалдық жай-күйін мониторингілеуге арналған аппараттық-бағдарламалық құралдар» секциясында 3-орынды иеленді.photo

Наурыз кездесулерінде қарағандылық оқушылар бес жобаны ұсынды. Олардың арасында «Аяқ-қолдары әртүрлі адамдарға арналған роботталған табан», «Сіңдіру әдісімен біріктірілген дәрілік гидрогель», «Бүкірлікпен күресуге арналған Postrue құрылғысы және мобильді қосымшасы» бар.

photophoto

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 1732
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167