Қарақат Қыдырәліге тоқал алып беретін болды
Қарақат Қыдырәліге тоқал алып беретін болды

Бүгін төрт баланың әкесі болып, бір шаңырақтың тізгінін ұстаған әнші әрі продюсер, қоғам қайраткері Қыдырәлі Болмановтың туған күні. Жары Қарақат Әбілдина оны туған күнімен құттықтап, жұрт алдында тоқал алып беруге уәде берді. Бұдан өзге отбасында барлығының жақсы екенін айтып өтті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

“Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын. Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын. Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның казак мадениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыға келдім. Алғаш рет 18 жасымда ғашык болдым. 3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес. Сөйтіп жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып, өзiне ғашық қылған нағыз ер азаматқа тән өр мiнез, ешкiмге ұксамайтын өзiне ғана тән болмысы, тектiлiгi еді”, – деп Қарақат Әбілдина жолдасының барлық жақсы қасиетін жіпке тізді.

Ары қарай “Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты. Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес. Қыдекең өсек-аяңнан қашан да биік болды, канаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай қорғап, қолдап келедi. Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім. Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық”, – деген Қарақат, жарына қандай сыйлық жоспарлап отырғаны туралы ойымен де бөлісті.

“Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым. Көп. Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын бойжеткендер аз емес. Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылығы үшiн екіншi айел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын. Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бір қауымнын жүгiн көтеретiн сенде қажыр-қайрат жеткiлiктi. Сен бастаған тiрлiктiң берекесiз аяқталган кезі болған емес. Оқырмандарым түсiнбей калған шығарсыздар? Альхамдулиллах! Бiзде бәрі жаксы! Иншалла жақсы болады да. Туған күнiңмен жаным!” – деп Әбілдина жұрт алдында сүйіктісіне тоқал алып беретіндігін айтты.

Бұл жаңалықтықтың куәсі болған желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Алдымен, Қыдырәлі Болмановты туған күнімен құттықтап, сүйіктісінің бұл сыйлығы орынсыз екенін айтты.

“Дін жағынан қатты мұқтаж болса алады екінші әйелді. Мысалы, бірінші әйелі бала көтере алмаса не жарын қанағаттандыра алмаса. Пайғамбарымыз с.а.с да Хадиша анамыз қайтыс болған соң үйленген. Сүттей ұйыған отбасының шырқын бұзбай тыныш отыр. Сізден үлгі аламыз деп жүрсек. Діни сауатты жерлермен ақылдасып көріңіз. Ашаршалықта амал жоқ шошқаның етін жегендей мұқтаж болса ғана алады екінші әйелді”, – деп қолданушылардың бірі Қарақаттың бұлай жасауына негіз жоқ екенін айтты.

Күні кеше отандық бағдарламалардың бірінде Қыдырәлі мырза халықтың Қарақаттың өзіне тоқал алып беретінін естіген кезде “жарылатынын” айтып қалжыңдаған болатын. Енді міне сөздеріне жан біткен сыңайлы. Желі қолданушыларының бірі мұның әзіл, пиар екенін айтып жатыр. Десе де, шындық тек жұбайлардың өзіне мәлім.

Осы уақытқа дейін халық Қарақат Әбілдина мен Тасмағамбетов арасында сезім барын айтып, алып-қашпа сөз таратқан-ды. Әншінің өзі ерінің азаматтығына кір келтірмейтінін айтып, жұрт аузында жүрген бұл өсекті жоққа шығарды.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 лет назад 6622
4 комментария
  • 9 лет назад
  • Аллаға мың шүкіршілік! Осы жағдайды түсіну үшін жоғары діни білімді болудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Керісінше, Қазағымның болашағын ойлаған Асыл Аналарымыздың қабылдаған шешімдерінен қанша қаракөз қарындастарымыз отбасты болар еді.
    9 лет назад
  • Қарақат маған ұнайды. Ақылды әйел.
    Ал жалпы танымал адамдар туралы өсек-аяңға сене берудің қажеті жоқ. Алдымен өзімізді түзеп алайық.
    Тоқал алып берсе не бопты, шама шарқы жетсе ала берсін. Қазақтың саны көбейеді.
    9 лет назад
  • Қыдырәлі көңілді... Қарақаттың сыйлығы ұнаған-ау ) Дегенмен жарайсың!
    9 лет назад
О блоге
0
660889 248 437 2368 167