Қазаққа шежірені зерттейтін ғылыми институт керек
Қазаққа шежірені зерттейтін ғылыми институт керек

Егер қазақтың қазіргі шежіре деп жүрген үрім-бұтақ тізімімен есептесек жеті ата емес, кемінде қырық, елу атаға барады.

Неге қазақ "жеті атаңды біл" деді?

Жұмбақ осы жерде.

Қасиетті Құранда "ұлыстар мен руларға бөлдік "дейді.

Ал Қазақ неге ұлтты Жүзге, жүзді Елге, Елді Руға, Руды Атаға бөліп таратады?

Жеті ата жүйесінің сыры тереңде. Шежіре теңдесі жоқ ғылым.

Адамды бір ер, бір әйелден жаратқаны туралы барлық қасиетті кітаптарда айтылады.

Бір ер, бір әйелді жаратқан Құдай қайта-қайта адам жасап отыр ма, жоқ, адам жасау заңдылықтарын Ұрықтың бойына орналасқан заңдылықтардың еркіне беріп, сол заңдылықтардың бұзылмауын қадағалап отыр ма?

Демек, процесс жатырда жүреді. Шежіре бұзылса, бұл заңдылық бұзылады деген сөз.

Ой жіберетін тұс - осы.

Себебі, ұрпақ әйелд мен еркектің жыныс клеткасының қосылуы арқылы пайда болатынын барша біледі.

Ал ұрықты жаратқан - талас жоқ, жалғыз жаратушы. 

Демек, Шежіре Құдайдан.

Ол туралы "Әбіл мен Қабыл" жайындағы аңызда да айтылған.

Айтпағым, Шежіре ілімі - күрделі ілім. Қазақта оның жүлгесі мен жүйесі сақталған.

"Біреуде алтыншы саусақ болса, ол оның жетінші ұрпағынан қайталанады" дейді тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңының тұжырымы.

Демек, Шежіре жүйесіндегі рұқсат етілген нәрсені бұзып, жеті атаға толдық деп, адам санын санап қыз алысу апатқа апарады.

Ұрықты микраскопен қарап отырған генетика ғылымы да осы пікірге сайып отыр.

Қазаққа шежірені зерттейтін ғылыми институт керек.

Тек аңыздар мен тарихи деректерді малдану шынайы ғылымға жатпайды.

Біз кімнен кем екенбіз. Өзгелер сияқты дамыған техналогиямен микраскоп арқылы зерттеп тұжырым айту қазақтың да қолынан келеді.

Тіпті, ғылымен зерттесе, Қазақ өзгелерден асып түседі.

Себебі, Қазақта күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан шежіре жүйесі, үрім-бұтақ "құжаты", әулет тарихы,бар.

Аңыздар мен мәтелдер - формула!

Бұл мәселеге ұлт болып көңіл бөлінуі керек.

Қазақта шежіре бар. Қазақ шежіре арқылы бірігеді.

Заңдылығын білмесесең, трайбалист боласың.

Құр мақтанның күні өтіп барады. Айтқанын дәлелдейтін ғылым деген салаға ден қою керек.

Ештеңе жоғалған жоқ. Қазақ шежіре заңы арқылы бұзылғанын түзеп, үзілгенін жалғай алған ұлт.

Ол ұлылықты әлі де жасай алады Қазақ.

Себебі, Құдай жаратқан жаратылыс заңдылықтары күшін жойған жоқ.

Күшін жоюы мүмкін де емес.

"Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз" деген мателде жұмбақ бар.

Шешуі шежіреде.

Серік Сүйіндік


Facebook-тегі парақшасынан 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 3062
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167