Қазақстандық танымал тұлғалар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)
Қазақстандық танымал тұлғалар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)

Жер сатуға наразылық білдірушілердің қатарына өнер саласындағы азаматтар да қосылды. Олар бірауыздан халықпен бірге екендерін, жердің саудасына да, оның жалға берілуіне де қарсы екендіктерін айтты. Бұған қоса, ел ішіндегі наразылықтың басқа арнаға бұрылып кетпеуіне алаңдаулы екендерін жеткізді.

d201cf30-6b0d-4067-acbb-debc1fe00313-1024x576

Бұл туралы “31.kz” хабарлайды.

Жай уақытта бастары көп біріге бермейтін әнші, актер, журналистер бұл жолы пікірлерін айтуға бірге жиналды. Өйткені, бәрінің де  “Жер жалға берілмесін” деген ортақ талабы бар.

“Біреу ертең отқа май құйып жіберсе, үлкен бір адам шығынына әкеп соқтыруы мүмкін. Сол үшін тез арада елдің бейбітшілігін қаласа, халық санының артқанын қаласа, кемімегенін қаласа, билік ертерек шешімін өзгертсе деген талап тілегіміз бар. 21-не жұрттың бәрі жиналғалы жатыр. Алла нәсіп етсе бізде бой көтереміз. Ойымызды айтамыз. Бізде бұғып қалмаймыз. Өйткені, бұл біздің жеріміз. Ата-бабаларымыздан қалған жер”, – дейді әнші Сәкен Майғазиев.

Жиналғандардың бұлайша дүрлігуіне әсіресе, Қытай инвесторларының қазірден-ақ қызығушылық танытып отыруы бір себеп. Жерді жалға беру – басы бүтін бергенмен тең деп есептейтін өнер иелері, ел болып қазір тойтарыс бермесек, кейін кеш бола ма деседі.

27ce45f9-f9a9-49b0-bd2d-d6ada33de7d9

“Не үшін жалға беруіміз керек? Қытайлар 25 жылға жалға алатын болса,  оған соя егетін болса үш-ақ жылда жердің тас-талқанын шығарады. Он жылдық құнарын үш-ақ жылда жойып тастайды. Және ертең 10 жылдан кейін сол жерді өзімізге жалға бермесіне кім кепіл?” – дейді актер Бақыт Тушаев.

Актер Бекжан Тұрыс пен ақын Ринат Зайытов ел жанұшыра шулап жатқанда, үкіметтің сырғытпа жауаппен шектелуі халықтың қарсылығын толқуға ұластырып жібере ме деп алаңдаулы. Сондықтан, бұл айтқандарымызды билік тарапы сес көрсету емес, ел мен үкіметті мәмілеге келтірудің жалғыз жолы деп түсінсе екен дейді.

“Ашынып атқа қонған қазақтың алдында тұрма, тамтығыңды шығарады. Сондықтан соны ойлау керек. Халықты ашындырмау керек”, – деп актер Бекжан Тұрыс елде болып жатқан жағдайға қатты алаңдайтынын жеткізді.

“Халықтың үніне құлақ асып жатқан ешкім жоқ болғаннан кейін бұл осындай көтеріліске жетелейді. Халықтың ашуын тудырады.  Бұл туындап жатқан дүмпу енді өршімесе бәсеңсімейді. Ол халық ертең атамекен жері үшін, ұрпағына мирас болатын, қала берді өзі өлгеннен кейін көмілетін жері үшін ол аяғына дейін барады”, – дейді айтыскер ақын Ринат Зайытов.

Қысқасы, елмен бірге екендерін білдіргісі келген танымал тұлғалар,  келесі жиында қайта жүздескенше деп тарқасты. Өйткені, белсенді топ, мұнымен тоқтап қалмақ емес екен.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 лет назад 5112
2 комментария
  • Аллах разы болсын сіздерге!
    Қытайлар біздің елімізге аяқтарын баспасын бір сағатқа да!
    Біз біргеміз, Қазақ Елі!!
    9 лет назад
  • Бастысы-елде тыныштық болса екен. Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы. Қазақтың намысына ешкім тимесе екен.
    9 лет назад
О блоге
0
660889 248 437 2368 167