Қазақстанға не себепті ОАР қойларын әкелу қажет. Қой тұқымдары туралы аз-кем мағлұмат
Қазақстанға не себепті ОАР қойларын әкелу қажет. Қой тұқымдары туралы аз-кем мағлұмат

2020-2030 жылдарға арналған қой шаруашылығын дамыту бағдарламасының іске қосылуы аталған сала үшін жаңа кезеңнің басталғандығын білдіреді. Қазақстанның қой етін өндірудегі әлеуеті қазіргі кездегіден әлдеқайда жоғары екенін барша халық түсінеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр, кең жайылымдар мен көрші елдерің нарықтарын барынша экономикалық тиімділік ретінде пайдалана білу керек.

ElDala.kz порталы Ет және жүн бағытындағы Республикалық қой шаруашылығы палатасының атқарушы директоры Марк Гумеровпен қазақстандық қой шаруашылығының негiзгi тенденциялары, өнiмдiлiгi жайлы және ең жақсы мал тұқымдар туралы, асыл тұқымды мал өсіру жұмыстары туралы әңгімелескен болатын. 

Қозы етіне деген сұраныс

Фотода Марк Гумеров

- Өткен жылдың басында біздің елде фермерлер жақсы дамыған ет және май өндірумен ғана емес, сонымен қатар ет бағытындағы қой өсірумен де айналысқысы келетіндігі жайлы мәселе көтерілді, дейді Марк Гумеров.- Қазіргі таңда шетелдерде  жас өозы етіне деген сұраныс көп. Әрине, жоғары сапалы қозы етін өндіру үшін ет бағытындағы қой еті қажет. Өкінішке орай, бізде олар өте аз. Біздің қой өсірушілер өнімдерін сыртқы нарыққа шығару үшін мал басын көбейту керек.

 

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қостанай жерінде фермерлердің ұйымдастыруымен Ет және жүн бағытындағы Республикалық қой шаруашылығы палатасы құрылды. Олардың міндеті мал тұқымын асылдандыру болып табылады. 

Ет бағытындағы тұқымдар

Романов қой тұқымдары

-Марк Гумеров: «Біздегі романов қой тұқымы ет және тері бағытындағы мал болып саналады», - Бұл өте белгілі, әлемде сұранысқа ие орыс тұқымы. Романовтар тұқымы өнімділігі жағынан мықты, бұл қойлар бес қозыға дейін төлдейді. Біз осы тұқымды Қазақстанның кейбір шаруашылықтарына импорттай бастадық, олар қойды экспорттаумен айналысқысы келетіндер. Әрине, сонымен қатар  бұл тұқымдардан сапалы қой терісін де алуға болады.

 

Сонымен қатар,  ет және жүн бағытындағы тұқымды мал өсірумен көптеген шетелдік компаниялар айналысады. олар Дорпер, Гемпшир, Шароле, Суффолк, Тексель тұқымдарын өсіреді.

Дорпер

«Біз сондай-ақ осы тұқымдарға репродуктор ашуды жоспарлап отырмыз», - деп жалғастырады сөзін Марк Гумеров. - Бұл малдардың бағасы арзан емес болғандықтан, біз әр облыста екі-үш репродуктор салуды жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз - асыл тұқымды малды Қазақстан аумағына енгізу. Бұл біздің жұмысымыздың басты бағыты. Біз үшін ең негізгісі - асыл тұқымды малды бағалау бойынша тәжірибелік нұсқаулық әзірлеу.

Аталған Палата отандық ғалымдармен-қой өсірушілермен: Қ.У. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы институтымен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Біз сондай-ақ тұқымды Қазақстанда  енгізу үшін ресейлік және украиналық мамандардың тәжірибесін зерттеп қарастырудамыз.

Әрине, қиындықтар жоқ емес. Мысалы, бүгінде мал сатып алуға несие беру мәселесі ақсап тұр, субсидиялау жүйесі мен экспорт туралы біраз шешілмеген сұрақтар бар. 

Керек тұқымды таңдау

Сонымен қатар  Марк Гумеров бүгінде елде қандай тұқымдар көп өсірілетіндігі жайлы айтты. Қазақстан Республикасында өсірілетін қойлардың қазіргі өндірістік классификациясында өнімділіктің келесідей бағыттары бар екендігі жайлы баяндады:

Ет жүн- (жүн түріне қарай биязы жүнді және жартылай биязы жүнді бағыт). Бұған Оңтүстік Қазақ мериносы, Солтүстік Қазақ мериносы, Қазақстан мериносы және Австралия

Меринос қой

 

Ет жүнді бағыт - биязы жүн және жартылай биязы жүн болып екіге бөлінеді. Оны қазақтың биязы жүнді, қазақтың архар-мериносы, етті меринос, Волгоград тұқымы, Дони-мерино, австралиялық ет мериносы, Дойче меринофлейшав, Иль-де-франс тұқымдары жатады.

Ұзын қылшықты ет бағытына- жартылай биязы жүн бағыты. Қазақтың етті-жүнді, кроссбредті жүнді қазақтың жартылай биязы жүнді, Ақжайық ет-жүнді, Дегерес  майлы құйрықты тұқымдары жатады.

Ет пен май  бағытындағы тұқымдарға- жартылай жүнді және қатты жүнді тұқымдар жатады. Онда қазақтың майлы құйрықты жартылай қаты жүнді, Еділбай тұқымы, қазақтың майлы құйрықты ірі жүнді, Сарыарқа майлы құйрықты, Ордабасы және Гиссар тұқымдары кіреді.

Гиссар тұқымы

 

Саралжын - сонымен қатар қылшық жүндіге жатады. Бұл қаракөл, қазақтың қаракөл майлы тұқымы.

Қаракөл тұқымы

 

Жүн бағытындағы – қатты қылшықты жүн. Бұл – Роман тұқымдары.

Қысқа жүнді ет тұқымдары - барлығы биязы жүнді тұқымға жатады. Бұл тұқымға қазақтың етті биязы жүнді қойлары, Гэмпшир, Шарола, Суффолк, Тексель, Дорпер, австралиялық ақ түсті тұқымдар жатады.

- Қазіргі таңда, әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстанда бұл тұқымдар өте жақсы дамыған - ет-майлы, жүн-ет, - деп түсіндіреді Марк Гумеров. - Біздің мақсатымыз солтүстік және батыс аймақтарда ет пен жүн бағытын көбейту. Ет тұқымдарын арттыру. Енді Ресейден және Еуропа елдерінен әкелуді жоспарлап отырған Дорпер тұқымын алайық.

Ересек Дорпер қошқарының тірі салмағы 140 келіге жетеді. Ересек қойдың тірілей салмағы 95 кг-ға жетеді, ет шығымы 55% құрайды. Яғни, майлы құйрықтары жоқ. Еті мәрмәр және жұқа май қабатымен қапталған. Бұл қозы бүкіл әлемде сұранысқа ие, оның ерекше иісі жоқ. Экономикалық тұрғыдан, ет жоғары өнімді және бұл қойлар өте тиімді.

Дорпер тұқымдарының тиімділігі

Осылайша, отандық қой өсірушілердің жұмысы ауқымды және қиын екенін нақты түсіну қажет. Қой отарларының сапалық көрсеткіштерін жақсарту фермерлерге тиімді және қандай бағытты дамыту керектігін түсінумен тікелей байланысты. Бұл жерде қолайлы тұқым - Дорпер мен парсы қойларын атап айтуға болады, Оңтүстік Африкада өсірілген жаңа Дорпер тұқымдары бар, олар Дорсет және Парсы қойлары.

Дорпер

- Кеше мен оңтүстік африкалық Дорпер тұқымы қауымдастығының президентімен сөйлестім, ол мені көптеген жағдайлармен  таныстырды, - дейді Марк Гумеров.  - Олар 1956 жылдан бастап өте ұзақ уақыт осы тұқыммен жұмыс істеген. Дорперлер өте  полиэстринді болып табылады (яғни олар жылдың кез келген уақытында төлдейді). Олар екі қозыдан туады, 1,5 жаста екі қозы төлдейді. Олар азық таңдамайды, олар жылу мен аязға жақсы төзеді. Сондықтан оларды бүкіл әлем сатып алады, соның ішінде біздің көршілерімізде де сатып алады. Өзбекстан Дорперлерді қарқынды түрде өсіру үшін оларды көптеп әкеле бастады. Бізде әдетке айналған нәрсе бар, жер өте көп деп, қойды жайылымға жібереміз семіреді болды деп ойлаймыз. Бұл арзан, әрине. Ал Өзбекстанда жер аз, сондықтан олар малды бордақылайды.

Оңтүстік Африка республикасының мамандары өз елдерінің азықтары Қазақстанмен, әсіресе Жамбыл және Қызылорда облыстарымен өте ұқсас екенін атап өтті. Топырағы тасты, шүйгін шөп жоқ, қойлар тірідей салмақ жинай отырып, кез –келген шөпті жейді.

«Дорпер тұқымы- біз үшін өте ыңғайлы», - деп қорытындылады ойын Марк Гумеров. - Біз асылдандыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыруымыз керек, бір жерде тұрып, тоқтап қалмауымыз қажет. Біз қазір осы жұмыстарды жасаудамыз деді ол. 

Андрей Гончаров

eldala.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
4 года назад 2346
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167