Арабтардың күнкөрісінде құрма ерекше рөл атқарған. Бірқатар ақындардың шабытына арқау болып, мақал-мәтелдерге қосылған құрманы Аллаһ елшісі (с.а.с.) де ұнатқан. Мәселен, ол құрма маусымында өзіне сыйланған жас құрмаларды кері қайтармайтын болған. Бата алу үшін өзіне әкелінген жаңа туған нәрестелерге алғашқы дәмді құрмадан таттыратын екен. Кешкі асқа ештеңе таба алмағандарға кепкен құрма жеу керектігін айтып, «Кешкі асты тастамаңыздар, ештеңе таппасаңыздар, тым болмаса, бір уыс кепкен құрма жеңіздер» деген. Айша анамыз (р.а.) өз тәжірибесінде жас құрма мен қиярды қосып жеу денеге күш бітіретіндігін айтқан. Алла елшісі (с.а.с.) құрманы емге де пайдалануға болатындығын білдірген.
Құрманың пайдасы: Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, кальций, темір, фосфат, протеин, май, көмірсуды қатар қамтитын бірден бір жеміс.
Құрманың емдік қасиеттері:
* Теріде жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіруге көмектеседі.
* Құрманың құрамында кездесетін темір қан аздыққа пайдалы.
* B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды емдеуге таптырмас ем.
* Тамақ ауырып, жөтелген кезде құрма жеу керек.
* Қатерлі ісіктен сақтайды, жүрек қан тамырларына оң әсерін береді.
* Құрамында фосфор мен кальцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды.
* Жүйке жүйе шаршаған кезде жеу қажет.
* Мидың жұмыс істеу қабілетін арттырады.
* Ас қорытуға өте пайдалы.
* Тойымдылық қасиеті өте жоғары. Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан.
* Жас құрманың бойында 60-65 пайыз қант кездескенімен, адамды семіртпейді.
* Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады. Сүт гормондарын қозғау арқылы нәрестеге сүт көп шығуына оң ықпал жасайды