Дастарханымыздан үзілмейтін құрма – жәй ғана жеміс емес, дәрумендер қоймасы. Деніміздің саулығының шипасы.
Құрманың құрамындағы фосфор ми жұмысын жақсартады. Жүйке талшығының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанын басады.
Құрмада В1 және В2 дәрумендері жеткілікті мөлшерде. Миды және жүйке жүйесін тынықтырады.
Құрманың қабығы мен сүйегінде де дәрумен көп. Сол себепті дәрігерлер сүйектерін сорып жүруге кеңес береді.
Суық тигенде жөтелге септігін тигізеді. Қақырықты түсіруге көмектеседі.
Адам ағзасындағы қан тамырларын жұмсартады. Және тамырлардың қатаюының алдын алады. Одан бөлек қан құрамын тазалайды. Сонымен бірге, қан қысымын да реттейді.
Шығыс халықтары, арабтар кофе, тағы басқа сусындарды міндетті түрде құрмамен ішеді. Сол себепті олардың ағзасында зиянды холестерин аз болады екен.
Құрманың қуық және бүйрек қабынуында да шипасы көп. Құрма тұнбасы бүйрек тастарының ыдырауына көмектеседі.
Қарағай жаңғағымен бірге желінетін болса, құрма бауырды да тазалайды және қуаттандырады.
Құрмада А дәрумені мол. Сол себепті адамдардың көру қабілетін арттыруда таптырмайды. Ақшам соқырлығынан (куриная слепота) және басқа да жанар дерттерінен қорғайды.
Адамның іші өткен кезде немесе бірдеңе ұнамай құсқан кезінде ағзадағы су, тұз, калий, натрий, глюкоза азайып кететіндіктен, құрманы молынан жеген дұрыс. Өйткені, осы дәрумендердің бәрі құрманың құрамында бар.