Құзда орналасқан мейрамхана (фото)
Құзда орналасқан мейрамхана (фото)

Tall arquitectos мексикалық сәулеттік студиясы жезді құздың үстіне ерекше мейрамхана тұрғызуды жоспарлады. 

Bire Bitori (үндіс тілінен аударғанда "тәрелке") деп аталатын мейрамхана жобасын аспазшы Марией Андреа Пайне ойластырған. Мейрамхананы ойластыруда оның мақсатының бірі  гастрономиялық туризмді ұнататын адамдарға таныс жер болуын қалаған.

Мейрамхана Мексикадағы Чиуауа штатында тұрғызылып, онда жергілікті тағамдарды ұсынатыны жоспарланған. Ол әлемдегі тамақ талғағыш адамдардың ғана емес, экстримді ұнататын адамдардың да сүйікті орнына айналмақ. 

Tall arquitectos студиясының жобасы бойынша, құрылыс жезді құздың үстінде жүріп, оның ішіне көру алаңы да кіреді. Көру алаңынан айналадағы пейзажды бақылауға мүмкіндік болады. Bire Bitori мейрамханасының орталық бөлігі берік әйнектен жасалып, ол жерден құздың өзін көруге болады. 

massaget.kz

Ақтоты Жапатова

Фото: naked-science.ru

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 3818
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167