Сәләфилік бағыттан бас тартқан ғалымдар
Сәләфилік бағыттан бас тартқан ғалымдар

Йорданиялық шейх Саид Фуда үш мадхалит (Робиъ әл-Мадхалидің жолындағы сәләфи) жігіт өзімен жолығып, шейх Ибн Таймияның ақидасы төңірегінде әңгімелеседі. Шейх Саид Фуда бұл үшеуіне сәләфи ақидасы мен ашғари (матуриди ақидасымен параллель мектеп) ақидасын салыстырып қарауға кеңес береді.

Біраз уақыттан кейін әлгі үш жігіт Саид Фудаға келіп, бірнеше айлап, әр күні 15 сағат бойына екі жақтың кітаптарын ақтарып, терең зерттеу жасағандарын жеткізеді. Нәтижеде үшеуі де сәләфилікті тастап, ашғари ақидасына өткен. Бұл үшеуінің әрқайсысы бүгінде үлкен ғалымдарға айналған. Олар, Йемендік шейх Сәйф ибн Али әл-Асри, Йемендік шейх Абдульфаттах Қудайш әл-Яфиғи және Біріккен Араб Әмірлігінен шыққан шейх Абдулла әл-Жунайд. Саид Фуданың бұл оқиғаны баяндаған видеосын мына сілтемеден біле аласыз.

Еліміздегі сәләфи бауырларымызға да, өз діни ұстанымдарына қайта қарап, салыстыруға кеңес береміз.

 

Йемендік шейх Сәйф ибн Али әл-Асри

 Біріккен Араб Әмірлігінен шыққан шейх Абдулла әл-Жунайд

Йемендік шейх Абдульфаттах Қудайш әл-Яфиғи

Қанат Жұмағұл теолог

www.maturidi.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 4359
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167
Прямой эфир