Шайтан адамның ішіне қалай кіреді?
Шайтан адамның ішіне қалай кіреді?

Хазреті Имам Ғазали былай дейді: Әр адамда жабысып, мазасын қашыратын ең кемі бір шайтан болады. Шайтанның беретін уәсуәсәларынан сақтану керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Қанның тамырда жүретіні сияқты шайтан да адамның денесінде жүреді. Аштықпен (аз жеумен, ораза ұстаумен) оның жолдарын тарылтыңдар!»

Шайтанның жүрекке кіретін жолдарының бірі – Алла тағаланың затын (болмысын) ойландыру, күмәнға түсіру. Адамдардың ең ақымағы – ақылына ең көп сенетіні. Адамдардың ең ақылдысы – айыпты өзінен іздейтін және білмеген нәрселерін ғалымдардан сұрайтын адам. Хадис шәрифтерде былай делінеді:«Шайтан: “сені кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Ол адам: “Алла жаратты” деп айтса, “Оны кім жаратты” деп уәсуәсә береді. Мұндай уәсуәсә келгенде: “Мен Алла пен Расулына иман еттім” десін!».

«Алланың жаратқан нәрселерін тәфәккур етіңдер, бірақ затын (болмысын) тәфәккур етпеңдер!»

Тәфәккур – Ғибрат алатындай, пайдаланатындай етіп ойлану, пікірлеу дегенді білдіреді. Алла тағаланың жаратқан махлұқтарының көркемдігін, жүйелі түрде жаратылғанын ғибрат алып ойлану.

Уәсуәсә дұға, зікірмен азайып жоқ болады. Сондықтан күнәға бейімделе бастағанда дереу Алла тағаланы еске алу керек, истиғфар (әстағфируллаһ), салауат және дұға оқып шайтанды алыстатуға тырысу керек. Шайтаннан құтылу үшін дінге мойынсұну керек.

Жаман нәрселерді ойлап, жаман жерлерге барып шайтанға көмекші болмау керек! Өйткені хадис шәрифте «Құзға жақын жүргендер бір күні оған құлайды» делінген.

Шайтанның тұзақтары

Ібіліс жер бетіне түскенінде Алла тағаладан былай деп сұрады: – Уа Раббым, мені қуып жерге түсірдің. Менің мұнда үйім жоқ.

– Үйің – моншалар болады.

– Қай жерде жиналамын?

– Көшелер мен базарларда.

– Тамағым не болады?

– Бисмиллаһсыз желінген нәрселер.

– Ішетін нәрсем не?

– Арақ-шараптар.

– Азаным не болады?

– Музыкалық аспаптар.

– Кітабым не? Не оқимын?

– Әдепсіз (ұятсыз) өлеңдер.

– Менің хадистерім не?

– Өтірік сөздер.

– Тұзағым мен қақпаным не?

– Жаман әйелдер.

– Төсектес досым кім болады?

– Бисмиллаһсыз төсекке жататындар мен маскүнемдер.

– Сапарлас досым кім болады?

– Жолға шығарда Менің разылығыма қауышу үшін емес, өз нәпісінің қалауларымен жүретіндердің сапардағы досы боласың.

– Көмекшілерім мен елшілерім кім?

– Бидғатшылар сенің көмекшілерің, сиқыршылар сенің елшілерің.

– Бауырларым кім?

– Мүлкін ысырап ететіндер және жаман жолда жұмсайтындар сенің достарың болады.

 www.islamdini.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 лет назад 5594
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167