Stan.kz: Қар барысы туралы қызықты деректер
Stan.kz: Қар барысы туралы қызықты деректер

Қар барысы – мысық тұқымдастардың ерекше өкілі. Олар кербез және биік тауларда мекендейді. Өкінішке орай, олар жойылып кетудің алдында тұр. Stan.kz қар барысы туралы қызықты мәліметтерді ұсынады. 

Қар барыстары 6 метрге дейінгі ұзындыққа және 3 метр биікке секіре алады.

Қар барысы табылған ең биік жер теңіздеңгейінен шамамен 6 шақырым биік орналасқан. 

Қар барысы жойылып кетудің алдында тұрған аң ретінде Қызыл кітапқа енген.

Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс. Ол түркі тілінен аударғанда «қар мысығы» деген мағынаны береді. 

Қар барыстары бүгінгі күннің өзінде аз зерттелген. Себебі олардың мекендейтін ортасына жету қиын болғандықтан, кез келген зерттеуді қиындатады. 

Қар барыстарының табаны – қысқа әрі бұлшықетті, ал құйрығы – ерекше ұзын. Ол қатты жүгірген немесе секірген кезде құйрығын «тізгін» ретінде пайдаланады. Ілбістердің ұзыдығы 2 метрге дейін жетеді (құйрығымен қоса есептегенде).

Таутандар (ұрғашы қар барысы – ред) жылына екі рет төлдейді. 

Қар барыстары адамдарға бірінші болып шабуылдамайды. 

Қар барысы жүнінің түсінің арқасында қар басқан тауларда көзге түсе бермейді. 

Қар барыстарының қаншалықты ұзақ өмір сүретіні нақты белгісіз. Қазіргі зерттеулер олардың 20-25 жыл өмір сүретінін айтады. 

Қар барыстары – көшпелілер. Олар мыңдаған шаршы шақырым аумақты үнемі кезіп жүре алады. 

Қар барысы сырт көзге қабыланға ұқсайды. Алайда оның жүні сары емес, ақ түсті. 

Қар барыстары көмейінің ерекшелігіне байланысты ырылдап, мияулап, ұли алмайды. 

23 қазан – Халықаралық қар барысы күні. 

Қар барыстары жалғыз өмір сүреді. Олар тіршілік ететін аумағын қызғыштай қорғап, ешкімді кіргізбейді. 

Он екі мемлекеттік аумағында қар барыстарының популяциясы қорғау мәртебесіне ие. 

Аландар (қар барысының баласы – ред) балалар сияқты биік төбешіктерден сырғанағанды жақсы көреді. 

Қар барысы – ғаламшардағы биік тауларда өмір сүретін аңдардың бірі. 

Барыстар түнде тіршілік етеді. Алайда қажет болған жағдайда күндіз де белсенділігін сақтай алады. 

Әдетте барыстар үңгірлерде немесе құздардың жарылған жерлерінде өзіне апан жасайды. Сол жерде олар күндіз ұйықтайды. 

Қар барыстарының көзі өте жақсы көреді. 

Қар барыстарының табаны үлкен болады. Барыстар қалың қармен жүре алады. 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 1987
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167
Прямой эфир