ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОҚУШЫЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ РОБОТ ҚҰРАСТЫРДЫ (ВИДЕО)
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОҚУШЫЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ РОБОТ ҚҰРАСТЫРДЫ (ВИДЕО)

Кейбір мектептердің қызметкерлері қаржыны жымқырып жатса, Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Еркежан Үмбетбаева мен Виктор Кахно медициналық робот құрастырып шықты.

Ол медбикенің ролін атқарады. Дәрігер науқасты тіркеп, дәрі-дәрмек пен қажетті емдік шаралар тағайындағаннан кейін Мed-Bot атты робот іске кіріседі. Мобилдік қосымша арқылы науқастарға уақытылы дәрісін беріп, екпе  де сала алады. Робот нейрондық жүйе мен Face ID арқылы жұмыс істеп, науқастарды дәрігер енгізген суреттер арқылы ажыратады. Сондай-ақ, адамның суды тұтыну мөлшерін бақылап, палаталарды зарарсыздандыру міндетін де атқарады,- дейді Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары.   

Виктор Кахно, оқушы: - Тағы бір айта кететін жайт, робот жұқпалы ауруға шалдыққан карантиндегі науқастарға қажетті заттарды апарып бере алады. Біз оны Германияның Дортмунд қаласында өткен халықаралық олимпиа мен республикалық «Дарын» олимпиадаларында көпшілік назарына ұсындық. Бұл жоба болашақта үлкен қолдауға ие болады деген ойдамын.  

Еркежан Үмбетбаева, оқушы: - Қазіргі заманда медицина өте қатты дамып жатса да, көптеген қиындықтар әлі болып жатыр осы салада. Солардың бірі ол медбикелердің жетіспеушілігі. Біз қараған ақпараттар бойынша осы Қазақстанда 10 мың адамға тек 38 медбикеден келеді. Сондықтан біз осы роботты жасап шығардық.

Дерек көзі: Site LogoХабар 24

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
1 год назад 1690
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167
Прямой эфир