УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?

Өмір бізге берілген таусылмас қазына болса, оның сарқылмас байлығы - уақыт. Онсыз ешнәрсе жүзеге аспайды да, біз ешнәрсеге қол жеткізе де алмаймыз.

Бар болғаны бізге берілген уақыт 24 сағат. Оны ешкім алып та қоймады, қосып та бермейді.

«Уақытты қалай үнемдейміз?»

Жұмысыңның тиянақты болып, бар ісінің жүзеге асуын қалайтындар үшін маңызды сұрақ.

УАҚЫТ

Біреу үшін бұл таптырмайтын кезең, біреу үшін болмашы нәрсе. Біреу «ісін өрге асырып» жатса, бірі уақытын күні бойы үйде отырумен өткізеді. Дегенмен, әркімнің өз еншісіндегі уақыт, қайда қалай жұмсайтынын өзі біледі, десе де, оның қайта оралмайтынын естен шығармағанымыз жөн.

Ендеше, уақыт үнемдеудің тәсілдерімен таныс болыңыздар!

1. Маңыздыларын белгілеп алыңыз.

Істейтін жұмысыңыздың жоспарын жасап алғаныңыз дұрыс. Жоспардың әр бөлігіне тоқталып, мқұият оқып шығыңыз! Кейде күні бойы жұмыс істесеңіз де бірнәрсенің жүзеге аспағанын байқайсыз немесе көңіліңіз толмайды. Сондықтан да, жоспар барысында маңыздыларын белгілеп қойыңыз. Содан кейін барып ғана басқа жұмысыңызға көше беруіңізге болады.

2. Өзіңізге сұрақ қоя біліңіз.

Қайсысы маңыздырақ?
Қайсысын кейінге қалдыра аламын?
Қайсысын өзгелерге сеніп тапсыра аламын?
Қайсысынан бас тарта аламын?
Қайсысын тез істей аламын?

3. Мерзімін белгілеп қойыңыз.

Белгілі бір істі бітіру үшін мерзім тағайындаңыз. Сол мерзімде бітіруге тырысу арқылы сіз ширай бастайсыз.

4. Жиірек «жоқ» дей біліңіз.

Әрдайым уақытын ұтымды пайдалана білетіндердің басты қаруы. Бірақ, барлығы дерлік бұл сөзді айта бермейді. «Мен оған бас тарта алмаймын» деп жататындар көп, әрине, қол ұшын бере білу керек, әйтсе де, әр нәрсенің орны бар.

5. Ешнәрсеге алаңдамауға тырысыңыз!

Зерттеулер бойынша жұмыс барысында басқа нәрсеге алаңдап кетсеңіз, жұмысыңызға кірісу үшін аз дегенде 20 минут уақытыңыз кетеді. Егер, сіз бірнеше рет басқа нәрсеге көңіл аудара берсеңіз, онда бір сағат уақытыңызды жоғалтасыз!

Мүмкін, сол бір сағатта сіз жұмысыңызды істеп бітіруші ме едіңіз?!

Сондықтан, бастаған ісіңізді аяқтап барып ғана өзге іске кірісіңіз. Сонда ғана сіз уақыт үнемдейсіз!

Көлік кептелісінде немесе автобус күткенде пайдалы іспен айналысыңыз. Ал, әлеуметтік желілер бүкіл уақытыңызды алатынын білгейсіз! 

anabol.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 4955
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167