«Калашников» концерні ұшатын мотоцикл құрастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің Әскери қару-жарақ өндіруші кәсіпорыны өзінің жаңа өнімі – ұшатын мотоциклді таныстырды. Бұл туралы «Калашников Медиа» порталы жариялады.
Порталда жаңа көліктің видеосы жарияланғанымен, оның мүміндіктері туралы ақпарат берілмеген. Дереккөздері мультикоптердің негізінен адамдарды тасымалдауға арналғанын хабарлауда.
Аппарат әзірше қолданысқа шығарылған жоқ, тек сынақтан өткізілуде деседі.