20 жастағы жігіт домбыраның электрондық нұсқасын жасап шығарды
20 жастағы жігіт домбыраның электрондық нұсқасын жасап шығарды

Енді кез-келген азамат домбыраны ұялы телефон арқылы да тартып үйрене алатын болады. Оңтүстік қазақстандық Нұрлан Қамбар есімді өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын жасап көпшілікке ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Нұрлан Қамбардың бұл авторлық өнімін әйгілі «Apple» компаниясының өзі қолдап, мақұлдапты. Қазіргі кезде Сүлеймен Демирел атындағы университетте білім алатын Нұрлан келешекте танымал IT маманы болуды армандайды. Ал жас өнертапқыштың арманын іске асыруға тағы бір талантты қазақстандық, IT маманы Арман Сүлейменов көмек қолын созған.

20170818104112

“Бұл менің жаңа технологияларды игеруге бағытталған алғашқы қадамым. Бағдарламаның ерекшелігі – домбыра жоқ жерде де ұялы телефондағы арнайы бағдарлама арқылы сол аспапты тартып, ән шырқауға мүмкіндік береді”, – дейді Нұрлан Қамбар.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3091
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167