Әнші Jah Khalib: Есірткіге тәуелді едім, ислам өмірімді өзгертті (видео)
Әнші Jah Khalib: Есірткіге тәуелді едім, ислам өмірімді өзгертті (видео)

YouTube-блогері Юрий Дудь Jah Khalib атымен танылған қазақстандық рэп-музыкант Бахтияр Мамедовпен сұхбаттасты.

Бахтияр Мамедов 1993 жылы Алматыда өмірге келген. Әнші  2017 жылы Муз-ТВ арнасының “Жыл жаңалығы” жүлдесін олжалады.

Jah Khalib сұхбат барысында өнер мен өмірі жайлы айтып есірткіге тәуелділіктен қалай құтылғанын баяндады.

«Соңғы 6 жылда ораза ұстадым. Ислам діні маған қатты әсер етті. Қазақстанда есірткіні көп қолданады. Ол жақта бұзық адам едім. Жастық шағымды лас істермен өткіздім. Кейін ес кіре бастады. Мен бұрын құдайға сенбейтінмін. Түсіме мешітте отырған сәттер кіре бастады. Сосын досымнан өтініп, мені мешітке апаруын сұрадым. Мешітте өзгелердің істегенін қайталадым. Мешітте ертесі күні Рамазан айы басталатынын білдім. Сол күннен бастап ауыз бекіттім», – дейді ол.

Өзінің айтуынша, қазір ол ауылдық жерлерде мектеп салуға қаражат жиыстырып жатыр. Оған ислам діні себеп болған.

http://stan.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3256
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167