Көптеген діни кітаптарда шәһидтік дәреже туралы ақпараттар келтірілген. Мәселен:
1. Дінін үйренуге және үйретуге барар жолда өлген адам шәһид болады. Хадисте былай делінген: «Дінін үйрену, үйрету және тарату жолында өлген адам шәһид болады». (Ибн Асакир)
«Әмри маруф (діннің әмірлерін, жақсылықтарды үгіттеп) және нәхии мункәр (күнәлардан, жамандықтардан тыйылуды насихаттау) кезінде өлген адам шәһид болады». (Ибн Асакир)
«Тәрк етілген бір сүннетімді жандандырған адамға жүз шәһид сауабы бар». (Хаким)
«Фитнә заманында сүннетімді ұстанғанға жүз шәһид сауабы бар». (Хаким)
2. Намазын дұрыс оқыған адам шәһид болып жан тапсырады. Хадисте былай делінген: «Бес уақыт намазын дұрыс оқыған адамға әрбір күні үшін мың шәһид сауабы беріледі». (Тәрғиби Хадими)
3. Дәретпен жүріп дүние салған адам шәһид болады. Бір хадис шәрифте: «Дәретпен өлген мұсылман шәһид болады», - делінген. «Дәйләми»
4. Алла тағаланың жолында шәһид болып өлуді қалаған адам да шәһидтік дәрежені иелене алады. Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның хадисінде: «Алла тағаладан ықыласпен шәһид болуды тілеген адам төсегінде өлсе де шәһид болады». (Муслим)
«Шәһидтердің көбі төсекте өледі. Соғыстағылардың ниетін тек Алла тағала біледі» (имам Ахмад)
http://hibatulla.kz/