Адамдар туралы қызықты мәліметтер
Адамдар туралы қызықты мәліметтер

Адамдар туралы қызықты мәліметтер

1. Адамдардың саусақтары сияқты тілдері де бір-біріне ұқсамайды.
2. Балалар тізе сүйегінсіз туылады.
3. Адамның бойындағы бактериялардың жалпы салмағы 2 кг болады.
4. Адамның аузында 40 000 бактерия болады.
5. Әйелдерге қарағанда ер адамдар көбірек терлейді.
6. Жүзден асқандардың көпшілігі (80 пайызы) – әйелдер.
7. Ерлерден гөрі әйелдер көзін екі есе көбірек жыпылықтатады.
8. Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.
9. Адамның бойындағы ең күшті бұлшық еті – тілі.
10. Басқаларға қарағанда көк көзділер ауруға сезімталдау.
11. Тез оқығанда көз аздау шаршайды екен.
12. Адам миының 80 пайызы судан тұрады.
13. Адамның өмір бойы өсетін мүшесі – мұрын.
14. Бурыл сақал қара сақалға қарағанда тезірек өседі.
15. Адам қызарғанда оның асқазаны да қызарады.
16. Адам денесіндегі жылудың 80 пайызы басынан шығады.
17. Адамның қалпына келмейтін жалғыз нәрсесі – тісі.
18. Бір шаш 3 кг салмақты көтере алады.
19. Адамның басы орташа есеппен, 3,6 кг болады.
20. Бір күнде адам аузында 1,5 литр сілекей пайда болады.
21. Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен.
22. Әйелдерге қарағанда ер адамдардың арасында кекештер көп.
23. Адамның көзінің астына қарағанда үстінде кірпік көптеу.
24. Адам жүрегі күніне 2 тонна қан айдайды.
25. Адам жүрегі күніне 100 мыннан артық рет соғады.
26. Адамның тоқпан жілігі бетоннан мықтырақ.
27. Қол саусақтарының тырнақтары аяқтікінен төрт есе тез өседі.
28. Оңақайлар солақайларға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді.
29. Қараторыларға қарағанда аққұбалардың басында шаш көп.
30. Қараторыларға қарағанда аққұбалардың сақалдары тез өседі.

Адам денесіндегі ғажайыптар

• Ересек адамның денесі октиллион атомнан тұрады.
• Денеміздегі қан тамырлардың қосындысы 96 мың км құрайды. Бұл ұзындық жерді үш рет айналуға жетеді.
• Адамның миы минутына 1000 сөз оқи алады.
• Адамның миы компьютер болғанында секундына 38 катриллион операция жасай алар еді. Күніміздегі ең озық компьютер мұның 1 пайызын да орындай алмайды.
• Қол немесе аяқтың тырнағы түбінен бастап толығымен өсу үшін жарты жыл уақыт өтеді.
• Адам өмір бойы орталама 18 кг тері төгеді.
• Алынған оттегі мен калорияның 20 пайызын адамның миы тұтынады.
• Әрбір бүйректегі миллиондаған фильтр әр минутта 1,3 литр қан тазалайды.
• Әр адамның өзіне тән иісі болады. (Тек егіздер ғана бірдей иісті болуы мүмкін.)
• Әр адамның денесінде жарты миллион тер безі болады және бұлар күніне жарты литр тер бөліп шығарады.
• Адамның бойы таңертеңгісін оянғанда түнде жатар кездегімен салыстырған шамамен 1 см ұзын болады. Мұның себебі омыртқа арасының түнде босаңсып түрегеп жүргенде жиырылуында.
• Адамның ДНК-сының жартысы бананның ДНК-сына ұқсас келеді.
• Адам денесі әр секундта 25 миллион жаңа жасуша өндіреді.
• Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.
• Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын.
• Адам ағзасындағы ең қатты зат тіс эмалі.
• Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.
• Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.
• Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 8068
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167