10 вагоннан тұратын пойыз 34 жолаушыға арнап жасалған. Пойыздың асхана-салоны, жуынатын ваннасы, купелерінің де түр-түрі бар. Бір рейс 3-4 күнге арналған. Терезелерінің өзі ерекше.
Жоба авторы Кен Киёюки Окуяма. Ол бұған дейін Ferrari Enzo, Maserati Quattroporte жобаларын жасаса, енді теміржолды жобалауға кіріскен.
Демалыс аймағы мен жанды музыкасы бар ерекше пойыз жолға шықты (фото, видео)
Жапонияда Кен Киёюки Окуяма есімді дизайнер құрастырған пойыз алғашқы рейсін жасады. Аталмыш дизайнер бұған дейін Ferrari Enzo, Maserati Quattroporte көліктерінің құрылымына да атсалысқан.
Фото AFP / Getty Images
Жапониялық East Japan Railway компаниясы шығарып отырған пойыз Shiki-Shima деп аталады. 10 вагоннан тұратын пойыздың алты вагоны ішінде дәретханасы мен ваннасы бар люкс-купе.
Жолаушылар үшін керемет асүйі бар мейрамхана және жанды музыка, екі демалыс аймағы қарастырылған.
Токио – Хоккайдо аралығын қамтыған алғашқы рейс 1 мамыр күні іске қосылды. Саяхат кезінде пойыз бірнеше жерге тоқтайды.
Компания мәліметінше билет құны 4,4-10 мың доллар аралығында.
Бағаның ішіне жолақысы мен тамақтану қатар кіреді.
Рейске байланысты сапар ұзақтығы 2-4 күнге созылмақ. Бағасының соншалықты қымбаттығына қарамастан адамдар бір жылға тапсырыс беріп тастаған.