МОЛДА МЕН ЖЫЛҚЫШЫ
МОЛДА МЕН ЖЫЛҚЫШЫ

Бір күні ауылда молда халыққа уағыз айтайын деген ниетпен жергілікті тұрғындарды мешітке шақырады. Молданың шақыруын естіген тұрғындар күйген тіршілікпен жүріп ұмытып кетеді. Алайда, бір жылқышы молданың шақыруын ұмытпастан мешітке бір өзі келеді.

Молда тұрғындарды ары күтеді, бері күтеді, ешкім келмейді. Сонда молда іштей:

 – Уағызымды мына бір кісіге айтайын ба, әлде жоқ па? - деп біршама ойланып, жылқышыдан сұрайды.

Жылқышы:

 – Құрметті молда, мен қарапайым адамдардың бірімін. Мен бұл дін жайында көп нәрсені түсіне бермеймін. Егер мен жылқы қораға кірсем жылқының бәрі менен қашады да, бір ғана жылқы мені күтеді. Мен сонда да сол қалған жылқыға жем-суын беріп қараймын.

Мұны естіген молда тебіреніп өз уағызын бастайды. Екі сағат бойы уағыз айтып молда әжептеуір жеңілдеп қалады. Сосын ол айтылған уағыз туралы пікір білгісі келіп жылқышыдан:

 – Қалай? Менің айтқан уағызым ұнады ма? - дейді.

Жылқышы: – Сізге айтқанымдай, мен қарапайым адамдардың бірімін. Мен бұл дін жайында көп нәрсені түсіне бермеймін. Егер мен жылқы қораға кірсем жылқының бәрі менен қашады да, бір ғана жылқы мені күтеді. Мен сонда да сол қалған жылқыға жем-суын беріп қараймын. Бірақ, мен оған барлық жылқыға беретін жем-суды оған бермеймін. Тек өзінің жейтін дәрежесіне ғана қарап беремін, - деген екен. 

Жалғас АСХАТҰЛЫ 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3157
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167