Алланы еске алғанда қандай күйде боласыз?
Алланы еске алғанда қандай күйде боласыз?

Алла Тағаланы есіңе алып: «Уа, Тәңірім! Уа, Алла Тағала!» - деген сәтте бойыңда қандай өзгеріс болатынын білесің бе?

Голландияның Амстердам университетінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі ғалымдарды таң қалдырды!

Алла Тағаланы көп еске алу барысындағы: «Уа, Тәңірім!»,-деген сөз уайымды басып, қан қысымын қалпына келтіреді екен. Ғалымдар мұндай қорытындыға жеті жыл бойы мұсылман және мұсылман емес ауруларға жүргізген зерттеулердің нәтижесінде көз жеткізген. Әсіресе «Уа, Тәңірім!» деген сөз депрессия мен уайымға ұшырағандарға жақсы көмектескен.

Негізі ғалымдар зерттеу барысында науқастарға «Тәңір» деген сөзді араб тілінде айту шартын қоймаған. Науқастың барлығы бұл сөзді өз тілінде айтқан. Дегенмен, сол зерттеу барысында ғалымдар өзге сөзге қарағанда «الله» (Аллаһ) сөзінің ерекше әсерін анықтаған. Себебі, «الله» (Аллаһ) сөзіндегі бастапқы «а» әрпін айту барысында кеуденің үстінгі жағы әрекетке түсіп өкпенің аузы ашылады. Ал бұл өз кезегінде өкпеге ауа кедергісіз баруына ықпал етеді. Ал «الله» (Аллаһ) сөзіндегі «л» әрпін айтқанда тіл таңдайға тиіп демді бір мезетке тоқтатып, нәтижеде дем ретке келтіреді. Ал «الله» (Аллаһ) сөзіндегі «һ» әрпі айтылғанда екі өкпені жүрекпен байланыстыратын тамыр әрекетке түсіп, нәтижеде жүректің соққаны қалпына келеді.

Алла Тағала «Рағд» сүресінің 28-ші аятында:

الَّذِينَ آمَنُوا وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُمْ بِذِكْرِ اللهِ أَلاَ بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ

«Иман келтіргендердің жүректері Алла Тағаланы зікір етумен жұбаныш табады. Жүректер Алла Тағаланы зікір етумен тыным таппай ма?» - деген.

«Алла Тағаланың Өзі де рас, сөзі де рас» деген осы болар!

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 4164
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167