Шіркін, бұрынғы қазақтың нәзікжандылары қандай еді?!
Шіркін, бұрынғы қазақтың нәзікжандылары қандай еді?!

Аналар тақырыбында талмай еңбектенген қаламгер Ғ.Мүсіреповтің әйгілі «Ұлпан» романында мынадай бір дерек келтірілген: «Ұлпан үлкендерге бұрылып сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұялыңқырап, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем берді». Бұл мысал «Ұят – беттің пердесі» деп Майлықожа ақын жырлағандай, қазақ әйелінің бойындағы ізгілік оның инабаттылығымен өлшенетіндігін, қазақ аналарының арын жанының садағасына балаған, арлы, ибалы болғандығын айқын аңғартады.
Ал жазушы Қабдеш Жұмаділовтің “Бақыт жолында” деп аталатын романында «ерін сыйлаған есікте қалмас» дейтін даналық сөзді ту етіп ұстаған қазақ әйелдерінің жарқын бейнесі былайша сомдалған:
“…Жәнібек елең етіп қарап еді, бір келіншек пен жастау қыз бастаудан су әкеле жатыр екен. Солар өтіп кетсін деп сәл аялдады. Бірақ аналар орнынан қозғалар емес, тосып тұр. Бұл ештеңеге түсінбей аңырып беттеріне қарады.
– Өтіп кет, қайным, – деді келіншек күлімдеп, – Жолыңды кеспейік деп әдейі тұрмыз…” (Қ.Жұмаділов. Бақыт жолында). Бұл мысалдар қазақ әйелінің тәрбие көрген тектілігін, шариғаттан аттамаған естілігін көрсетсе керек…

Жанұзақ Қожақұлдың VK жазбасынан

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 жыл бұрын 5721
6 пікір
  • Машаллаһ ... Керемет.Негізі, Бөгенбай аға, сіз де, өзгесі де менімен келісетін шығарсыздар. Әдебиет те, математика да, тарих та, география да Исламды "уағыздайды". Тек оны көзі ашық адам сезіне алады. ОСЫ ЖАЗЫЛҒАН ҚАЗАҚ романдарының ислами берер тәрбиесі көп. Егер осы жазғандарымыз әдебиетшіл қауымның жүрегіне өтсе, сіз бен біз "шіркін" деген мақсатымыз орындалар,ин ша Алла!!!
    9 жыл бұрын
  • Ойпырмай, "ой ойды қтуғызады" демекші, біздің жастау кезімізде жеңгелеріміз қыз болсақ та, біздің алдымыздан өтпейтін. Бір оқиға есімі түсіп кетті. Марқұм нағашымның әйелі кездейсоқ, екі кештің арасында, көліктің астына түсіп кетіп, ауыр халде жан сақтау бөліміне жеткізіледі. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр, бірақ, жеңгем бірде әрі, бірде бері болып, өзіне өзі келе алатын емес. Содан "енді болмайтын сияқты, іші-бауырының бәрі езіліп кетті" деді дәрігерлер. Үлкендердің ішінде жасы келген менің анам, дәрігерлерден рұқсат сұрап, қайыр-қош айтысып шығуға кіреді. Сонда үсті-басын қан жауып кеткен, бұл дүниеден ана дүниесі жақын жатқан наашымның кемпірі, өлмелі халде жатса да, менің анамды / яғни, қайын апасын/ көріп, екі қолын әрең көтеріп, төсіне қойып, сәлем салыпты. Содан анамның іші еріп, қайыр-қош айтысып шығады да, сол күні кешкісін жеңгем арғы дүниесіне жүріп кете барды. Қазаға барғанда анам марқұм келінінің басқасын айтпағанда, өлмелі халде жатып, өзіне сәлем салғанын айтып, қатты жылады. Бұл не деген құрмет, неткен тәрбие десеңізші! Міне, біздің аналарымыз сондай болған! Жатқан жайларыңыз жарық, Алладан рахым, Пайғамбар Мұхаммед /С.А.С/- дан шапағат болсын!
    9 жыл бұрын
    • Мына пікіріңіз көзге жас келтірді-ау...
      9 жыл бұрын
      • Бөгенбай, ас саляму алайкум! Осы оқиғалар жас кезімізде көз алдымыздан өтті. Ол кезде жаспыз, өмірге маспыз, көп нәрсеге мән бермейміз. Енді жасымыз келіп, әрнәрсенің байыбына баратын кезге келгенде барып, түсініп жатырмыз. Тіпті сол бір ертерек, әлі мұндай еркіндіктің иісі де сезілмеген заманда осындай керемет жандар, абзал ұрпақ өмір сүрді. Дінін, дәстүрін бойында сақтады. Оны бізге өздерінің іс-әрекетімен көрсете білді. Қазір мәнісіне жете алмаса да, ақылы кірген соң түсінер деп сабырлық танытты. Мен білетін сол кісілердің бәрі дерлік, бір атадан тараған бүтіндей бір ұрпақ, ұл-қызы, күйеу баласы, келіндері, бәрі-бәрі Кеңес кезінде намаз оқитын. Солардан қалған бірен-саран кемпір-шал да әлі намаз оқиды. Жастары сексеннен асса да...Міне, ұрпақтан ұрпаққа берілген тәрбие, тәлім. Бесіктен сіңірілген десек те болады.
        9 жыл бұрын
  • Сайын Мұратбековтың "Жабайы алмасында" Қанаттың апасы соғыс жылдарында бес уақыт намазын үзбей, АЛЛАдан бұл соғыстың тезірек бітуін тілеп, күніге дұға ететінін керемет жеткізген. Міне қай романды, қай повестті алсақ та бұрынғылардың қандай жағдайда болсада дінді берік ұстанғанын байқаймыз. Тіпті соларды оқи отырып олардың тақуалығын көріп бейбіт заманнның өзінде біздің дінді ұстануымыз ақсап тұр-ау деген ой келеді....
    9 жыл бұрын
  • Иә, Нұрсәуле, қызым. Кейде ойлаймын, үйде жарық бар, жылы су, суық су үзілмейді. От жақпаймыз, су әкелмейміз. Барлық жағдай жасалып тұрып, хақ жолдан тайқып кетеміз-ау деп... Ол кездің аналары намазға 1 сағат бұрын тұрып, дайындалатын. Сығырайтып шамын жағады, күл шығарып, от жағады, су ысытып, дәрет су дайындайтын. Ал қазір бізде, Аллаға шүкір бәрі бар, бәрі дайын. Дегенмен.... Әттең!
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167