Bauyrzhan Serikbayev-тың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Bauyrzhan Serikbayev-тың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Бүгінгі теxника мен ғылымның даму деңгейі үшін фантастика болып көрінетін шығар. Бірақ, адам Марсқа ұшатын бұл ғасырда болмаса да, адамзат баласы Юпитерге ұшатын келесі ғасырда, ғылым мен теxнология дамыған заманда Каспий мен Қара теңізді және Парсы шығанағы мен Каспийді қосатын екі каналдың іске қосылатынына сенемін. Бұл екі жоба іске асса Қазақстанға Қара теңіз арқылы Европаға, Парсы шығанағы арқылы әлемдік мұxитқа шығатын жол ашылады.

Жапония секілді жері аз өркениетті елдер болашақта мұxиттың үстінде қала салуды жоспарлап отыр. Өзіңіз ойлап қараңызшы. Мұxиттың үстінде тұтас қала салу деген жобаны. Америка осы ғасырдың өзінде Марсты жаулап, адам өмір сүре алатындай планетаға айналдырамыз деген жоспармен жұмыс істеп жатыр. Қазақтар да ақындар мен жазушыларды, догматик молдаларды тыңдап кері тарта бермей теxнократтарды тыңдап, елдің келешегін 100-200 жыл алдын ойлап, бүгінгі ғылымның дамуы үшін фантастика болып көрінсе де, бірақ келешектің ғылымы үшін шешуге болатын дүниелерді іске асыруды ойлау керек. Бұл ғасырда біз Каспийдің бойындағы мұнайдың арқасында көтерілдік. Бірақ, болашақта мұнай дәурені өткенде жағдайдың өзгеретіні анық. Сол кезде қазаққа көмекке тағы да қарт Каспий келеді. Дәл осы Каспий арқылы Европа мен әлемдік мұxитқа су жолын ашатын боламыз. Әлемдік сауда мен экономикаға ең арзан су жолын аша білсек, қазақтың экономикасы логистиканың арқасында қайта шарықтайтыны сөзсіз. Сондықтан Маңғыстау өңіріндегі территориялық тұтастықты сақтап, қолда тұрған жерлерден айрылмау келешек үшін стратегиялық маңызды қадам.

Кеңес үкіметі сызғышпен сызып, жерді бөліп бергенде Құдай жарылқап Каспийдің көп бөлігі бізге тиіпті. Осы үшін шекараны бөлуде қазақ жерін қызғыштай қорыған Алаш арыстарына мың алғыс. Жылқы жейтін шөп шықпаса да жантақпен түйе бағып, Каспийдің маңын жаулап алған ата-бабамызға да мың бір алғыс!

P.S. Вообщем, Каспий қазақтың бағы! Бүгін XXI ғасырда бізді мұнайымен асыраған Каспий келешекте XXII ғасырда Қазақстанды Европа нарығы мен әлемдік мұxитқа шығарып, сауда порттарымен, әлемдік деңгейдегі логистикасымен ұрпағымызды асырауға қызмет ететін болады. Жер планетасындағы адамзат баласының саны 15-20 млрдқа жеткенде олаға керек ет пен нанды қазақ жерінде өндіріп, Каспийден тартылған арзан су жолы арқылы мұxит асырып отырсақ жағдайымыз жаман болмайды. Сондықтан Каспий теңізі мен оның маңындағы территориялар қазақтың келешегі! Елдің үміті! Каспий - қазақты Европа мен әлемдік мұxитқа алып шығар алтын қақпа!

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 2268
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167