Танымал саясаткер 1638 жылы жасалған қазақ даласының картасын жариялады (карта)
Танымал саясаткер 1638 жылы жасалған қазақ даласының картасын жариялады (карта)

Қазақстандық танымал саясаткер Ерлан Қарин 1638 жылы қағазға түсірілген қазіргі Қазақстан териториясы белгіленген картаны жариялады. Ол бұны АҚШ-қа жасаған сапары барысында сондағы мұрағаттардың бірінен қолына түсіргенін айтады, деп жазады BAQ.kz тілшісі. 

Саясаткер өз олжасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бұл 1638 жылы Франкфуртта түсірілгенін айтқан.

"Қараңыз, қандай керемет нәрсені тауып алып келдім - АҚШ-қа сапар алдында, бірнеше ай бұрын, американдық әріптестер-достарыммен хабарласып, тапсырма беріп, солардың көмегімен, Қазақстанның тағы бір ескі картасын қолға түсірдім. Бұл карта 1638 жылы Франкфуртта басылған екен. Осының бұрын копиясы едi, едi түпнұсқасы" - деп жазады Ерлан Қарин.

Картада сол кездегі тарихи атаулар, "Ноғай", "Ақ орда", Қазақ-татарлар", "Жоңғария" қатарлы жер атаулары мен териториялық көріністер анық белгіленген.

Алаш мұрасына, жалпы қазақ тарихына ерекше дең қойып жүрген саясаткердің бұл олжасын желі қолданушылары жоғары бағалады.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 3412
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167