Діни басқарма Қарақат Әбілдинаның туған күнін мешітте өткізгеніне қатысты пікір білдірді
Діни басқарма Қарақат Әбілдинаның туған күнін мешітте өткізгеніне қатысты пікір білдірді

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы Қарақат Әбілдинаның туған күнін мешітте өткізуіне қатысты пікір білдірді. 

"Жақында Қарақат Әбілдина "Әзірет Сұлтан" мешітінің бірінші қабатында орналасқан мейрамханада кеш өткізу туралы өтініш қалдырып кеткен болатын. Шамамен отыз әйел жиналған туған күн кешінде барлық салт-дәстүр орындалып, Құран оқылды. Бірақ кештің соңында әншінің ән айтатыны жайлы келіскен жоқ болатынбыз. Себебі, бұл мешіттегі тәртіп сақтау ережелеріне қайшы келеді", - деді ҚМДБ өкілдері.

Сондай-ақ, олардың айтуынша, мешіттің бірінші қабатында ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты іс-шаралар өтіп тұрады. Бірақ, мұндай шаралар негізгі залда дұға етіп жатқандарға кедергі келтірмейді екен.

Еске сала кетейік, қазақстандық әншінің туған күнін мешітте өткізуі әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен шу шығарған болатын. Қазнет қолданушылары бұл әрекет үшін тек Қарақатты емес, сондай-ақ, имамдарды да жауапкершілікке тартуды талап еткен еді. Ал кейінірек Қарақат Әбілдинаның өзі Instagram желісіндегі парақшасында осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3508
4 пікір
  • Бұл аласапыран дүниеде ешнəрсеге таң қалмаймын.
    7 жыл бұрын
  • Дәстүрлі Ислам ғой, түсініксіз болса да, түсінуге тырысайық)))
    7 жыл бұрын
  • Өзін түзеп алмай, өзгені түзегісі келетіндерге таң қалам.
    Əйтеуір, аман болайық, бар болайық. Өз басым ешкімді талқылағым келмейді, əсіресе маған жақындығы жоқ адам болса.
    7 жыл бұрын
  • Тек адамдардың бірден дін мен дін өкілдерін сөгуге дайын тұратыны қынжылтады...
    7 жыл бұрын
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167