Ассаламағалейкум, құрметті бауырлар! Қазіргі кезде өзекті болып тұрған екінші әйел мәселесі жайында сауалым бар еді сіздерге. Мен өзім үйленгенмін. Екінші әйел алуға ниеттеніп жүр едім. Бірақ, әйелім қарсы болуда. Мен оған айттым түсіндіріп: «Қазіргі кезде тұрмыс құрмаған небір жақсы қыздар бар. Енді олар да кінәлі емес қой бұл жағдайға. Олар да ана атанғысы келеді, отбасы құрғысы келеді. Соларға неге жаның ашымайды. Ол да сен сияқты адам ғой. Солардың орнына өзіңді қойып көрші. Статистика бойынша еркектердің саны әйелдерден әлдеқайда аз екен. Сондықтан да әркім шамасы келсе екі әйел алуы керек қазір» деп қоям. Сонда әйелім: «Иә мұныңмен келісемін. Бірақ, ақылым осыны мақұлдап тұрса да, нәпсі мен сезімім көнгісі келмейді. Мен бұны көтере алмаймын» - деп тулап, қарсы болды. Не дерімді білмей дал боламын. Осыған сіздер бір ой қосыңыздаршы, бауырлар! Бірінші әйелімнің көңіліне қарамай екінші әйел алуым дұрыс па?
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Еркектің шешімімен әйел адам келісе білуі керек.
Өзіңіз білесіз құқық өзіңізде. Не нәрсе болса да Алланың разылығы үшін болса сауап болмақ, нәпсінің жетегінде кетпесеңіз болғаны. Бірақ періште емес, пенде болған, пендешілік орын алып қояды, пендешілік болған жерде міндетті түрде ұрыс-керіс, соған сабыр сақтап, шыдамдылық танытып, үш жақ бірдей Алланың разылығына ұмтылатын болса, неге алмасқа. Сонда да, тағы біраз ойлану қажет.
Көңілінен шығып, көйлегін көк, қарнын тоқ, балаларың саналы, есті етіп тәрбиелесең, онда күндердің бір күнінде екінші әйел алуды дана әйелің өзі-ақ айтады. Ал, егер осы кезге дейін араларыңда болмашы нәрсеге көңілжарасымдарың болмайтын жағдайға жиі ұшырап жүрсе , онда не ажырасып тынасың ек"инициативаң" үшін екінші әйел туралы ойыңды тоқтатасың. "Еркекпін" деп кеуде ұрсаң, онда көкмылжыңның өзі болғаның.
Сенің қызың, қарындасың біреуге екінші әйел болғанын қалайсың ба? Не себепті? Не үшін? деген сауалдарға нақты жауап іздей бастайсың.
Бойдақ қыздардың бақытты болуға құқы бар десек, онда бірінші әйеліңнің бақытынан аластауына қандай құқы бар? Бұл жерде материалдық жағдай әжептеуір рөл атқарағанымен, екінші әйел алуды ересек балдарыңмен де ақылдасып шешкен абзал.
Екінші әйел алдың делік. Бірақ ол бірінші әйелдің елгезегінен өткені абзал (әйелің дана болса). Өйткені бірінші әйел сені өзіңнен артық біледі. Ал, егер әйелің дана бола алмаса , онда данасыз бірінші әйелге екінші данасыз әйел қосқаның болады. "Даудың басы Дайрабайдың сиыры" емес, қос данасыздың ортасында болады, содан соң жүргенің "сүмеңдеп"
Әркімнің ниеті тек қана Аллаға мәлім ғой. Дегенмен, сіз де ниетіңізді бір саралап көргеніңіз өзіңіздің өміріңіз бен ақыретіңіз үшін дұрыс болары сөзсіз. Тек қана Алла разылығы үшін жасалған және ақылдасып шешілген іс берекелі болмақ. Ер адам Алланың алдында некелесіп алған жарының барлық нәрсесі үшін жауапты болады. Сондықтан әйелінің қас-қабағына қарау да керек-ақ. Ертеңгі күні сұралатыны мәлім. Екі әйел алған адам тепе-теңдікті әрқашан сақай білуі керек болады. Ал бұл толықтай тек қана Пайғамбарымыздың қолынан келген нәрсе. Осыған байланысты бір оқиға бар еді. Бұрынғы кезде бір екі әйел алған және екеуіне барлық жағдайда тең қарай білген адам өтеді. Бір күні екі әйелі бірден көз жұмады. Енді екеуінің жаназасын шығарып жерлеу керек болады. Сонда екі жаназаны үйдің есігінен қалай шығару мәселесі туады. Қайсысын бірінші шығарады? Екеуін де бірдей шығара алу үшін екінші есік салады үйге. Осылайша, бірінші әйелін бұрынғы есіктен, екінші әйелін жаңа есіктен шығарады. Сонда ойына Алладан бір ескерту келеді: Сен екінші әйеліңді жаңа есіктен шығарып бәрібір тепе-теңдікті бұздың, делінеді.
Және тағы бір мәселе екінші әйелдікке алу арқылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздарды арманына жеткізу деген. Әр адамның ойы-арманы Аллаға мәлім. Және Алла әрбір адам үшін оған жақсы болатынын дайындап қойғаны күмәнсіз. Сондықтан әр адам көмекті себептерден іздемей, немесе өзін мәселенің шешімі санамай, тек қана Аллаға тәуекел етуі тиіс!
Және қазіргі уақыттағы статистикаға қарайтын болсақ, ер адамдардың саны қыз балалардың санынан алып бара жатқан аздығы жоқ. Жүз адамға 6-7 адам ғана шығады. Олардың да жағдайын Алладан артық ойластырып қойған ешкім жоқ!
Алла баршамызға тауфиқ, терең иман, тақуалық және тәуекел нәсіп етсін!
Бірінші әйелін тастап, балаларын тірі жетім еткенше, екінші әйел де шешім болмақ.
Айта кетейін отырып қалған қыз емеспін.
Сонымен қатар сіз қарсы болған әйеліңіздің сезіміне қарамай әйел алсаңыз да, ендігі әйелдеріңіз дос бола ма, қас бола ма? Қарсылық, протест бар жерде жаулық, күндестік болады. Олай болса ол әйелдерден туған бала қайда барады? Бір атадан туған балалар жауықса, шаңырағыңыздан береке кетті деген сол болады.
Шынымен де бір әйелдін бақытсыздығына құрылған отбасынан бақыт табамын деген бос әуре екенін түсінсе екен. Алланың заңдылығы, әділдігі бар!
Сонымен қатар сіз қарсы болған әйеліңіздің сезіміне қарамай әйел алсаңыз да, ендігі әйелдеріңіз дос бола ма, қас бола ма? Қарсылық, протест бар жерде жаулық, күндестік болады. Олай болса ол әйелдерден туған бала қайда барады? Бір атадан туған балалар жауықса, шаңырағыңыздан береке кетті деген сол болады.
Айтайын дегенім, бахыт дейсіздер, бахытты әр адам әр түрлі түсінеді. Біреуге бүгін қарны тоқ болғаны бахыт болса, біреулер бүгін қымбат дүние алмағанына өзін бахытсыз сезініп отырады. Демек бахыт дегеніміз бахытты қалай түсінуімізде.
Ал күйеуі бар әйелдердің барлығы бахытты немесе күйеуі жоқ әйелдердің барлығы бахытсыз десеңіздер қатты қателесесіздер. Әрі беріден соң, нағыз бахыт Алланы тану деп түсінемін. Аллаға сенген адам міндетті түрде бахытты боларына сенеді, ерте ма, кеш па.
Ер адам бұзылмасын, ер адам бұзылса, нәпсісіне бой алдырса, онда оны әйелі де, балалары да, туған-туысы да тоқтатпайды. Қаракөздің қамы деп, нәпсілеріңізді тойдырып жүрмеңіздер.
Алла отбасыларыңызға береке, бірлік берсін.
Ал ер адам үшін құндылық не?- деген сұрақ мені де қызықтырады.
Тағы да айтамын, шын Алла разылығын қалап екінші, үшінші, төртінші әйел алмаққа бекінген екен, онда әйелімен кеңесе отырып, әйелінен ажар-көркі басым емес, жасы әйелінен егде, мүгедек немесе жесір қалып, бірнеше баласын асырай алмай отырған әйелдерді алсын. Шын жаны ашыса осы аталғандарды алмайды ма? Бірақ мәселе ер адамдардың тоқалдыққа қандай әйелдерді алып жатқандығында ғой. Осыдан кейін нәпсінің жетегінде жүрген қайсысы екендігін айтыңызшы!