Фейсбуктегі бір жазба бір адамның тағдырын өзгертті (ФОТО)
Фейсбуктегі бір жазба бір адамның тағдырын өзгертті (ФОТО)

Фейсбук әлеуметтік желісі бүгінде бүкіл БАҚ жұмысын өзі атқаруда. Қарапайым халық фейсбукте отырып мұң шағып, арызданып, көкейде жүрген сұрақтың жауабын алып отыр. Аталмыш әлеуметтік желі, әсіресе, қазақ тілді оқырманның бағына айналғаны жасырын емес. Ғаламторда отырып-ақ жақсылық жасауға болатынының дәлелі ретінде үш күн бұрын шетелдік БАҚ жарысып жазған оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.

31 жастағы Колин Росс есімді канадалық азамат фейсбукте жазған бір жазбасы арқылы бір адамның тағдырын өзгертті. Мәселенің мән-жайы мынандай: сенбі күні Колин "Whitbie’s Fish & Chips " деген жерге кіріп тамақтанады. Оны таң қалдырғаны - кафеде бір адамның қызмет жасауы. Сөйтсе, 70 жастағы шотландиялық Джон МакМиллан өзі иесі, өзі даяшы, өзі аспазшы екен.

Росс палтус балығын тапсырыс береді. Балықтың дәмін татқан ол еріксіз таңдай қағады. Даяшы түгіл өзіне айлық төлеуге мүмкіндігі жоқ кафе иесіне қарап фейсбукте аталмыш кафе жайлы жазба жариялауға шешім қабылдайды. Жазба жарияланғаннан кейін сейсенбі күні 400 адам, сәрсенбі күні 500 адам Росс айтқан кафені іздеп келеді. Колиннің фейсбуктегі жазбасын 8000 адам өз парақшасында бөлісіпті.

7 жылдың ішінде осыншама көп клиентке қызмет жасаған Джон ағынан жарылып, мынандай сұхбат беріпті. ""Whitbie’s Fish & Chips" кафесін ашқанда ол адамдардың көңілінен шықса ғой деген арманым болатын. Бүгін сол арманым орындалды" дейді.

Бір адамның таңдырын өзгерткен Колин Росстың фейсбуктегі жазбасы: "Өз-өзіне айлық төлей алмаған 70 жастағы кафе иесінің жағдайы мені қатты толқытты. Мен айналамдағы адамдардың, әсіресе, мына еңбекқор адамның жағдайы жақсарғанын қалаймын. Сол себепті, Летбридж қаласының әрбір тұрғынын "Whitbie’s Fish & Chips" кафесіне келіп, қонақ болуға үндеу тастаймын. Джон МакМиллан бақытты болуға лайықты".

Жазира Байдалы

 Qamshy.kz 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 3764
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167