Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (ВИДЕО)
Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (ВИДЕО)

Фэйсбук желісінде жедел жәрдем дәрігерінің науқасты тепкен видеосы жарияланды. Патрульдік полицейлердің шақыртуымен келген жедел жәрдем станциясы көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созудың орнына, оны көлікке жақындатпай теуіп қуып жіберген.

Науқас деп отырғанымыз үй-жайы жоқ, көше кезген бомж. Денсаулығы сыр берсе керек, ол алғашқы көмекті жанынан өтіп бара жатқан полицейлерден сұраған көрінеді. Тәртіп сақшылары болса, тиісінше жедел жәрдем станциясын шақыртқан. Алайда, шақыртуға жетіп келген дәрігерлер науқастың ұсқынынан шошыса керек, оны қараудан үзілді-кесілді бас тартады.

Видеоны фэйсбккке жүктеген Наталья Садыкова есімді интернет пайдаланушысы оқиғаның Қызылордада болғанын жазған. Оның айтуынша, науқасты тепкен дәрігерге ешқандай шара қолданылмаған.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2764
1 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167