ӨРКЕНИЕТТЕРДІҢ ЖОЙЫЛУЫ…
ӨРКЕНИЕТТЕРДІҢ  ЖОЙЫЛУЫ…

Өз  уақытында адам  баласы үлкен өркениеттерге  қол жеткізе алғандығы жөнінде  талай жазылды. Жазыла  да  береді. Бірақ бүгінгі күні бізге елес  секілді  болып көрінетін  сол өркениет   қайда? Ошағы қай маңда? Неге  жойылып  кетті? Сауал  көп. Бірақ мардымды жауап  таба  қою  қиын. Енді жұмбақ  жағдайда жойылып  кеткен  әлемдегі 5 өркениет жөнінде тілге тиек  етелік.

  1. Кловис

Өмір сүрген уақыты біздің дәуірімізге дейінгі  11500 жылдар.

Мекені   Солтүстік  Америка

Кловис өркениеті  жөнінде әңгіме көп. Ол өркениеттің  адамдары Сібірден Беренг бұғазы арқылы  Аляскаға өткендігі жөнінде аңыз бар. Осы  жерде бір еске  сала кететін жайт, жалпы Беренг бұғазы  арқылы Америка  құрлығына өткендер тек  Сібір  жерінің  ғана емес, Азия  аумағының  тұрғындары, яғни  көне  түркілер деген сыбыс. Мұны ғалымдар дәлелдеп шыққан. Жалпы  Кловис  өркениеті Америка  құрлығында  жоғарғы  мәдениетке  ие  алғашқы өркениет  пе,  жоқ  па,  оны ғалымдар  әзірге нақтылай алған жоқ. Бірақ  жартастарға   салынған  сызбалар, аңның суретіне  ұқсас  таңбалар  сол  жерді  мекендеген адамдардың  біршама мәдениетке  қол  жеткізе алғанын байқауға болады. Бірақ Кловис   мәдениеті  қалай  жойылып кетті? Не  себеп? Бұл сұраққа  ғалымдар,  мұхит  кешіп келгендер жергілікті тұрғындармен  араласып,  соларға  сіңіп кеткен  деседі. Мүмкін.

 

  1. Триполь мәденеті

Өмір сүрген уақыты  біздің дәуірімізге дейінгі 5500-2750 жылдар.

Мекені Украина, Молдова және Румыния.

Кәрі  құрлықта неолит  дәуірі алдында  қанатын  кеңге жайған олар бүгінде Триполь  мәдениеті деген атпен  қалды. Өркениет тұрғындары Украина, Молдова  және Румыния аймағында өмір сүрді. Археологиялық  қазбаларға қарағанда,  Триполь  өркениеті  біршама ілгерілеуге  қол  жеткізген. Түрлі  наным-сенімдерге бой  ұрған олар бір  орында  бар-жоғы 50-60 жыл ғана өмір сүріп,  екінші  мекенге көшіп  отырған. Көшкенде бұрынғы тұрған қос-лашықтарын түгін қалдырмай  өртеп  жіберген. Бірақ  уақыт өте келе  жер бетінен Триполь  мәдениеті  деп аталған өркениет жоғалып кеткен. Неге екені белгісіз.

  1. Инд өркениеті

Өмір сүрген уақыты біздің дәуірімізге дейінгі 3300-1300 жылдар.

Мекені  Пәкстан.

Пәкстан  мен  Үндістан территориясында болған  бұл өркениет  жайында  мағлұмат тым аз.  Мардымсыз болса да, бұл өркениет   адамдары  көптеген шаһар, елдімекендер тұрғызған.  Баспана қабырғаларына түрлі  ою-өрнек  салған.  Шаһарларға  су келетін құбырлар  орнатқан. Тұрғындар жер өңдеп күн көрген. Астрономияға көбірек ден қойған. Мақта  өсіріп,  одан киім тігуді  осы  өркениет алдымен  қолға алған. Адам саны көп  болғанымен,   еш уақытта тұрақты  әскер ұстамаған.  Өркениет  бұдан  4500 жыл  бұрын  өз-өзінен  жойылып кеткен. Бұған әсер еткен  не? Ғалымдар ауа-райының кенеттен  өзгеруі  деп  түсіндіреді. Ал екінші бір  тарихшылар  оларға біздің дәуірімізден  1500 жыл бұрын арийлер шабуыл  жасап,  жойып жіберген деседі.

  1. Миной өркениеті

Өмір сүрген уақыты біздің дәуірімзге дейінгі 3000-630 жылдар

Мекені Кри.

Бұл өркениеттің өмір сүргені жөніндегі  дерек  тек  өткен ғасырдың  басында  ғана  пайда  болды. Онда  да археологиялық  қазбалардың  арқасында.  7000 жылға  созылған өркениет мейлінше  кемеліне  келді.  Дамыды,  мейманасы тасыды. Аралдағы көптеген керемет сарайлар мен ғимараттардың   құландысы – сол  өркениеттің  сарқыты  сынды. Бір  ғана Кноссе сарайы,   оның  жұмбақ лабиринтерінің  өзі  неге тұрады? Миной өркениеті хат жазуды  алғаш  меңгергендердің  бірі. Олар иероглиф таңбаларын пайдаланған. Ғалымдардың  айтуынша, миной өркениеті  –ең дамыған өркениеттің бірі. Мәдениеттің,  жалпы  халықтың  жойылуына Тера  аралында  болған  аса ірі жанартау  жарылысы әсер еткен көрінеді.

  1. Мая мәдениеті

Өмір сүрген уақыты біздің дәуірімзге дейінгі 2600 жыл мен  біздің заманымыздың -1520 жылдары аралығы

Мекені Орталық  Америка.

Мая  жер бетінен классикалық жоғалудың жарқын мысалы  бола алады.  Керемет храмдарды, ескерткіштерді,  шаһарлар мен жолдарды қалың жыныс, джунгли жұтып  қойған. Мая тайпасының тілі, дәстүрі әлі күнге сақталған. Дегенмен,  бұл  тайпаның ең бір даму  кезеңі  бұдан мың жыл бұрын өтіп кеткенге ұқсайды. Дәл сол  тұста ұлы храмдар  салынды. Олардың  өзіндік хат жазу мәдениеті  қалыптасты. Математиканы  жетік  меңгерді,  өзіндік  күнтізбе  (атышулы  мая күнтізбесін еске алсақ та  жетеді) құра білді. Пирамидалар  тұрғызды, инженерлік  салаға  көбірек көңіл  бөлді. Осының  арқасында  бұл  тайпа  кейінге ғажап  мұралар қалдырды. Ал Мая тайпасы  неден құрып кетті? Ғалымдар «900 жылға  созылған  климаттың  өзгеруі  олардың жоғалуына алып келді» деседі.

Айнұр Қазыкенова

 
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 11772
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167