Қар жауғаннан кейін төңіректің неге тып-тыныш болып қалатыны белгілі болды
Қар жауғаннан кейін төңіректің неге тып-тыныш болып қалатыны белгілі болды

Мұндай құбылыс бірнеше фактормен байланысты болып шықты. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар қар жауғаннан кейін адамдар байқай алатын акустикалық әсер туралы өз ойларын бөлісті. Қар жауғаннан кейін, тіпті, шуы көп жердің өзінде салыстырмалы түрде тыныштық орнайтынын байқаған боларсыз. Ғалымдардың айтуныша, мұндай құбылыс қар басқан көрініс әсерінің дыбыс ландшафының өзгеруімен айтарлықтай ерекшеленетініне байланысты – қардың түсуіне байланысты адамдардың белсенділігі азяды, соның ішінде қардың жаууына байланысты қозғалыс қиындайтындықтан автокөліктер де азаяды. Десе де, ғалымдардың сөзінше, қар жауғаннан кейін тыныштықтың орнауында негізінен жаңғырықты құмықтыратын қар эффектісі маңызды рөл ойнайды.  Қар дыбысты тиімді жолмен оқшаулайтын мұз кристалдарынан тұрады. Жаңа жауған қар қасат қарға айналмай тұрғанда, яғни, тығыздалмай тұрғанда мұз кристалдары кеуек түрінде болып,, дыбысты оқшаулайды. Он жылдан аса уақыт бұрын зерттеушлер  Аляскада арнайы зерттеу жүргізді. Бұл бағытаттағы тәжірибе нәтижесінде қарлы жерде тапаншадан бос оқ атылғанда дыбыс 30 дБ әлсірейтіні анықталды. Түсініктірек тілмен айтқанда, адамның сөйлеу немесе сыбырлау арасындағы айырмашылықпен бірдей. Мамандардың сөзіне қарағанда, қар жауғаннан кейін орнайтын тыныштық дыбыстың сыну құбылысымеен де байланысты – қар жауғанда жер жылы, ал оның үстіндегі ауа суық болады, нәтижесінде бұл комбинациядан дыбыс «сынады».

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 жыл бұрын 2576
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167