Сарапшы смартфонның көмегімен жасырын камераны қалай табуға болатынын айтты
Сарапшы смартфонның көмегімен жасырын камераны қалай табуға болатынын айтты

Жасырын камералар, әдетте, көзге көрінбейтін жерлерде болады, бірақ оны мүлдем көрінбейтіндей етіп орнату мүмкін емес. Смартфон арқылы жасырын камераларды табуға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жасырын камераларды смартфондағы бейнекамера мен шамның көмегімен табуға болады, дейді Синергия университетінің цифрлық экономика департаментінің директоры Роман Солдатенков. 

"Телефон камерасы мен шамды қосқаннан кейін бөлмедегі барлық жарықты барынша сөндіріп, оны толықтай айналып өту керек.


Бөменің төбесін, қабырғалардың бойын қарап шығу керек", деп түсіндіреді сарапшы.

Егер бөлмеде жасырын камера болса, онда сіз смартфон экранында жарқылды көресіз.

Солдатенковтың айтуынша, егер смартфонның өзінде шам болмаса, портативті тауып, оны гаджет камерасымен бір бағытта жағу керек.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
4 жыл бұрын 2469
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167