Шекараны бос қалдыруға қақымыз жоқ!
Шекараны бос қалдыруға қақымыз жоқ!

28 - мамыр КСРО шекарашылар күні еді. Сол кездегі Қытаймен шекара қандай еді. Алынбас қамал болатын. Шекараның өн бойы жер қайысқан ел, мыңғырған мал еді. Шекара күзетімен тек шекарашылар ғана емес, шекара аймағында тұратын тұрғылықты халық та айналысатын.

Қазір ше? Егеменді еліміздің қасиетті шекарасын кім күзетіп жатыр? Шындығын айтсақ, шекара жалаңаш қалды. Ел көшіп кетті, əлі көшуін тоқтатқан жоқ. Қытаймен дос шығармыз, оған дау жоқ. Дос бола отырып, Қытайдың ар жағында не ой бар екенін білу мүмкін емес.

Сақтансақ қана сақтайтынын ұмытпауымыз керек. Шекараға ел апарып, мықтап бекітуіміз қажет. Мемлекет үшін бұл түкке тұрмайтын шаруа. Біріншіден шекара аудандарын қайта қалпына келтіру, екіншіден шекара аймағында тұратын халыққа түрлі жеңілдіктер жасау.

Еркін Экономикалық Аймақ жасауға да болады. ЕЭА құрылса қалың кəсіпкер шекара аймағына қарай ағылар еді. " Бос жатқан жер жау шақырады" деген дана халқымыз, демек шекараны бос қалтыруға хақымыз жоқ! 

 
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2990
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167