Шөлдегі ақ құмды көрдіңіз бе? (ФОТО/ВИДЕО)
Шөлдегі ақ құмды көрдіңіз бе? (ФОТО/ВИДЕО)

Американың Нью-Мексико штатында ақ құмды шөл бар. Табиғаттың бұл ғажайыбы  White Sands National Monument ұлттық саябағының құрамына кіреді.

White Sands әлемдегі ең үлкен «гипсті» шөл болып табылады. Ауданы 710 шаршы шақырым. Құм құрамы гипсті кристалдан – селениттен тұрады.  Шөл 100 млн жыл бұрын түзіле бастаған. Ал 40 млн жыл бұрын селениттен таулар қалыптасқан. Оларды жылдар өте жауын езіп жіберген.

Шөлдегі ақ құмды көрдіңіз бе? (ФОТО/ВИДЕО) - Фото

Шөлдегі жануарлар мен жәндіктердің де түсі өзгеріске ұшырап, өзге аймақтардағы түрлеріне қарағанда ақшыл тартқан.
Жақында NASA Ақ құм шөлінің ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. Бір қарағанда бұл құм емес, қар тәрізді көрінеді.

Айғайқұм неге әнсалады? (фото)

Кейде біз алыстағы дүниелерге қол созамыз деп, жанымызда тұрған байлықты байқамай жатамыз. Еліміздегі туризмнің дамымай тұрғаны да содан болар. Өзгелерді шақыруды қойшы, өзіміз де Қазақстанды аралаудан гөрі, шетелге қонаққа барып, демалып қайтқанды жөн санайтынымыз өтірік емес. Бұған ішкі туризмнің дамуына қатысты деректер де дәлел бола алады. Әрине, дағдарыс келгелі сандар біраз өзгерген, десе де бұл бағытта істелетін жұмыс әлі де көп. Өткен аптада осы олқылықтың орнын толтыруға өз үлестерін қосып жүрген "Outfitter Kz" компаниясының бастамасымен Massaget.kz тілшілері Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдері арасында орналасқан Алтынемел ұлттық табиғи саябағына барып қайтқан еді. Назарларыңызға сол сапардан дайындалған фоторепортаждың бірінші бөлімін ұсынамыз.

Сегіз көліктен құралған экспедиция Алматыдан түскі 15:00-де шығып, кешкі 19:00 болды дегенде саябақтың негізгі кеңсесі орналасқан Басши ауылына келіп жетті. Артынша ауыл маңындағы қонақ күтетін үйге барып, сол маңда түнеді.

Бүгінгі тақырып Айғайқұм жайында болмақ. Алтынемел Алматыдан шамамен 270 шақырым қашықтықта орналасқан. Алатау бөктеріндегі алып шаһардан ұлттық саябаққа дейінгі аралықта жеңіл көліктер де қиындықсыз өте алатын жақсы тас жол төселген. Сегіз көліктен құралған экспедиция Алматыдан түскі 15:00-де шығып, кешкі 19:00 болды дегенде саябақтың негізгі кеңсесі орналасқан Басши ауылына келіп жетті. Артынша ауыл маңындағы қонақ күтетін үйге барып, сол маңда түнеді. Топтың Алтынемелге түс ауа шыққаны бекер емес. Жоспар бойынша экспедиция мүшелері ұзақ жолдан тыныққан соң, таңғы салқынмен Айғайқұм деп аталатын Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан құмды төбешікке баруы тиіс болатын. Ойларындағы жоспарды жүзеге асыру үшін олар таңертең ерте тұрып, жолға дайындала бастады. Араларында экспедицияның ең жас мүшесі алты жасар Нұржан да бар.

Ойларындағы жоспарды жүзеге асыру үшін олар таңертең ерте тұрып, жолға дайындала бастады. Араларында экспедицияның ең жас мүшесі алты жасар Нұржан да бар.

Айғайқұм Басшиден 50 шақырым жерде орналасқан. Екі ортаны көлік ізінен қалған қара жол байланыстырады. Бұл аралықтан түрлі жануарлар кездесуі ғажап емес. Саябақта құстардың 200-ге жуық, сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекен етеді. Сонымен қатар, мұнда шөл қандырар түрлі су көздері де бар. Қара жолды еш қиындықсыз жүріп өткен көліктер легі солардың бірінен су алып, Айғайқұмға қарай бет алды.

Айғайқұм Басшиден 50 шақырым жерде орналасқан. Екі ортаны көлік ізінен қалған қара жол байланыстырады. Бұл аралықтан түрлі жануарлар кездесуі ғажап емес. Саябақта құстардың 200-ге жуық, сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекен етеді.

Айғайқұм - биіктігі 150 метр, ұзындығы 3 шақырым болатын табиғаттың ерекше құбылысы. Оның шығысында Үлкен Қалқан деп аталатын тау тұр. Батысында Кіші Қалқан тауы орналасқан. Ал оңтүстігінде Іле өзені ағып жатыр. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыратындықтан құм түйіршіктері електеніп, нәтижесінде үлкен жота пайда болған.

Сонымен қатар, мұнда шөл қандырар түрлі су көздері де бар. Қара жолды еш қиындықсыз жүріп өткен көліктер легі солардың бірінен су алып, Айғайқұмға қарай бет алды.

Мұндағы құмның тазалығы соншалық – үстімен жүрген адамның киіміне шаң жұқпайды. Бұл жайттарды естіген экспедиция мүшелері Айғайқұмды бағындыруға бет алды. Жота алыстан аласа боп көрінгенімен, оның төбесіне шығу оңай шаруа емес. Басты кедергі - құм. Бұл жотаны бағындыру - төмен жүріп тұрған эскалатормен жоғары көтерілгенмен тең. Өйткені, қадам жасаған сайын құм төмен сырғып, аяғың өте талады. Содан соң, құм аяқ киімге кіріп, жүрісті ауырлатады. Сол себепті, төбеге аяқ киімді шешіп көтерілген дұрыс. Алайда, бұл айланы қолдану мүмкіндігі үнемі туа бермейді. Өйткені, күн ыстық кездерде құмның қызуы адам аяғын бастырмастайтын температураға дейін жетіп жатады. Экспедиция мүшелерінің Айғайқұмға ерте келуінің себебі де осында еді. Олар төбеге құм қатты қызбай жатып көтеріліп алды.

Айғайқұм -  биіктігі 150 метр, ұзындығы 3 шақырым болатын табиғаттың ерекше құбылысы.

Барлық қиындықты жеңіп, төбеге жеткен жандарды табиғаттың ғажап көрінісі күтіп тұрған еді. Осы жерде олар "Айғайқұм неге ән салады?" деген сауалдың сырын ашты. Оның сыры жел мен құмда екен. Құм жел әсерінен қозғалысқа келгенде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үнді естуге болады. Егер жел күшейсе, ол ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде, шығыстан салқын жел соққанда естіледі. Сонымен қатар, дыбыс адам төбе басынан құмға отырып төмен қарай сырғанда да шығатын көрінеді. Көпшілік бұл мәліметті тексеру үшін төмен қарай сырғанай кетті. Расымен, гуілдеген дыбыс шығып, төбе басында тұрғандар құмның дірілдегенін сезді. Айғайқұмнан аса әсерленген жұрт ұзақ уақыт бойы табиғаттың осынау бір ғажап құбылысын талқылаумен болды. Бұл есте қаларлық сапарды олар әлі талай жанға таңдана айтатынына күмән жоқ. 

Оның шығысында Үлкен Қалқан деп аталатын тау тұр.

 

Батысында Кіші Қалқан тауы орналасқан.

Ал оңтүстігінде Іле өзені ағып жатыр.

Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыратындықтан құм түйіршіктері електеніп, нәтижесінде үлкен жота пайда болған. Мұндағы құмның тазалығы соншалық – үстімен жүрген адамның киіміне шаң жұқпайды.

Бұл жайттарды естіген экспедиция мүшелері Айғайқұмды бағындыруға бет алды.

Жота алыстан аласа боп көрінгенімен, оның төбесіне шығу оңай шаруа емес. Басты кедергі - құм.

Бұл жотаны бағындыру - төмен жүріп тұрған эскалатормен жоғары көтерілгенмен тең. Өйткені қадам жасаған сайын құм төмен сырғып, аяғың өте талады.

Содан соң, құм аяқ киімге кіріп, жүрісті ауырлатады. Сол себепті төбеге аяқ киімді шешіп көтерілген дұрыс.

Алайда бұл айланы қолдану мүмкіндігі үнемі туа бермейді. Өйткені, күн ыстық кездерде құмның қызуы адам аяғын бастырмастайтын температураға дейін жетіп жатады.

Экспедиция мүшелерінің Айғайқұмға ерте келуінің себебі де осында еді. Олар төбеге құм қатты қызбай жатып көтеріліп алды.

Барлық қиындықты жеңіп, төбеге жеткен жандарды табиғаттың ғажап көрінісі күтіп тұрған еді.

Осы жерде олар "Айғайқұм неге ән салады?" деген сауалдың сырын ашты. Оның сыры жел мен құмда екен. Құм жел әсерінен қозғалысқа келгенде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үнді естуге болады. Егер жел күшейсе, ол ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде, шығыстан салқын жел соққанда естіледі. Сонымен қатар, дыбыс адам төбе басынан құмға отырып төмен қарай сырғанда да шығатын көрінеді.

Көпшілік бұл мәліметті тексеру үшін төмен қарай сырғанай кетті. Расымен, гуілдеген дыбыс шығып, төбе басында тұрғандар құмның дірілдегенін сезді.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 4755
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167