Талдықорғанда ер адамдар аналарының аяғын жуып құрметтеудің үлгісін көрсетті (фото)
Талдықорғанда ер адамдар аналарының аяғын жуып құрметтеудің үлгісін көрсетті (фото)

Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінің жамағаты аналарын құрметтеп, ардақтаудың үлгісін көрсететін өзгеше шара өткізді.

Жиынға қатысқан әрбір мұсылман анасына деген махаббатын шын жүректен білдірді. Анасына Алладан дұға етіп, амандығын сұрап, қолдарынан сүйіп, мүбарак зәмзәм суынан ұсынды және аналарының аяғын жуып берді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі.

117430_1490591235_890_530_0

Әз аналардың аяғын жуу рәсімін өткізген соң, аналар қауымы өзінің балаларына ризашылығын білдірді. Хадисте: «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында», – делінген.

484932_1490591235_890_530_0

Алла Тағала Құрандағы «Лұқман» сүресінің 14-аятында: «Маған және әке-шешеңе шүкір ет», – деп бұйырған. Ал, Пайғамбармыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жаннат –  аналардың табандарының астында» делінген. Біз, мұсылмандар, аналарымызды тек Наурыз мейрамы кезінде ғана емес, өмір бойы сыйлап өтуге міндеттіміз, борыштымыз.

514592_1490591235_890_530_0

625399_1490591235_890_530_0

515367_1490591245

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2869
1 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167