Ә.Қалибек: Лауазымды орын берсе, Қазақстан медицинасына зор өзгеріс әкелемін
Әбдібек Қалибек Жапонияда теңдесі жоқ қондырғылармен жабдықталған орталық ауруханада қызмет етеді. Қытайдың Үрімші қаласында туып-өскен ол сүттен жасалатын ұлттық тағам – құрттың суынан дәрі әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта Жапонияда жиған-терген тәжірибесін Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін ілгерілетуге қолданғысы келеді. Қазақ медицинасының тарихын зерттеп, әдеп-ғұрыптарымыздың медицинамен байланысы бар екенін алға тартып жүрген Әбдібекпен хабарласып, сұхбаттасқан едік. Мұнда келдіңіз бе, жапон тілін үйренуіңіз керек! –Қытайда медицина университетін бітірген соң, бірден Токиоға келдіңіз...