Ғалымдар адам ағзасын жиі улайтын қарапайым тағамның 8 түрін атады
Дүкен сөрелерінен пайдалы азық-түлік өнімдерін алуға тырысамыз. Бірақ, зерттеу нәтижесінде күнделікті пайдаланып жүрген ең қарапайым деген тағамдар адамның улануына себеп болатыны белгілі болды. Stan.kz адам ағзасына зиян келтіру қаупі бар тағам түрлерінің тізімін жасады. Қоғам қызығушылықтары ғылыми орталығының қызметкерлері 12 жыл бойы статистикаға талдау жасады. Олар адамның улануына алып келетін тағам түрлерін атады. Жасыл салат бірінші орында тұр. Ол 13 568 аурудың ішінде 363 рет улануға себеп болды. Сондықтан, сыртынан жақсы қапталған немесе пайдалануға жарамды деген жазу болса да...