Мамандық таңдаудың машақаты немесе жастар өз болашағына неге немқұрайлы қарайды
Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің көрсеткіші әлем бойынша оң деп баға беру өте қиын. Тіпті, оған ресми статистиканы келтірмей-ақ, оңай көз жеткізуге болады. Себебі, күнделікті байқалатын көріністің өзгеретін түрі жоқ. Ал, егер келтірер болсақ, біздің мамандар елімізде 2 миллионға жуық қазақстандықтың өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді. Көрші Ресей Федерациясы халқының 27 пайызының ғана дипломда көрсетілген мамандығы бойынша жұмыс істейтінін ресми басылымдарында жазды. Сонда мұның себебі қандай? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі маманнан сұрап білді. ...