Біздің қазақтың жерінің асты да, үсті де кенге бай, деп дәуейтіп сөйлегенде дүниені шайқап жіберердей боламыз, осы. Шынында солай ғой. Солай болғасын да сөйтеміз. Қазақстан әлемде: Вольфрам, қорғасын, барий қорынан – 1, Хромит, күміс, цинк қорынан – 2, Марганец, малибден қорынан – 3, Мыс қорынан – 4, Уран қорынан – 5, Алтын қорынан – 6, Темір кенінен – 7, Қалайы мен никель қорынан – 8, Көмір мен табиғи газ қорынан – 9 , Мұнай қоры бойынша – 13 орында. Хромиттің әлемдік қорының үштен бірі, уран мен марганецтің төрттен бірі, темірдің оннан бірі біздің жерде. Қазақстанның көмірі (тас көмір мен...