Сырдария, Сардоба, саясат: Ташкент тізгін бермей келеді
Сыр суының неше пайызы қазаққа тиесілі?«Ерте ме, кеш пе, Сырдарияның суы Орталық Азия елдерін бір-бірімен соғыстырмай қоймайды». Қақтығыс көксеген осындай болжамдар ғаламторда толып жүр. Мән беріп қараған адам мұндай мысықтілеу контенттің 99 пайызы орыс тілінде жасалғанын аңғарады. Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінде ілуде біреу ғана. Бірақ, бұл Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендердің мәселесі елеуге татымайды деген сөз емес. Әсіресе, Сырдарияның экологиялық жағдайы, оның бойындағы қарапайым халықтың тұрмысы күннен күнге кері кетпесе, ілгері баса қойған жоқ. Көксарайды салу арқылы Солтүстік...