Түркияның Измир қаласында таңқаларлық жағдай болды. Қаңғыбас мысық көз ауруына шалдыққан марғауларын жергілікті ауруханаға алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қызметкер ерекше оқиғаны видеоға түсіріп алды. Мысық марғауларын қайда апаруы керек екенін білгендей, нық қадам басқан.
"Біз таңертең науқастарды қабылдай бастағанда, ол марғауларымен бірге келді. Ол ұзақ уақыт бойы мияулап, көмек сұрады. Біз шок болдық. Мұқият тексеру кезінде марғаулар инфекцияға байланысты көздерін аша алмағанын байқадық. Ветеринарлармен кеңесіп, дәрі бердік. Көп ұзамай марғаулар көздерін ашқан кезде қатты қуандық", - деді медбикелердің бірі.
Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, олар жол бойында тұратын мысықты бұрыннан білген және оны тамақтандырған, бірақ оның жақында туған білмеген.
Алғашқы күтімнен кейін мысықтар муниципалитеттің ветеринарлық бөліміне тапсырылды, марғаулар сол жерде толық сауықты. Енді жануарларды асырап алатын адам іздеп жатыр.