Жапониялық өнертапқыштар ай бетінде жүре алатын жаңа құрылғы ойлап тапты. Мұндай техниканы құрастыруға Google мен X Prize компанияларының ұйымдастырған сайысы себеп болған. Жаңа аппаратқа қойылатын басты талап – үшеу. Құрылғы айға жайлы қонып, оның бетінде 500 метр қашықтықты жүріп өте алатындай болуы керек. Оған қоса, түрлі суреттер мен бейнероликтерді сапалы жазып, жерге жібере алатындай болуы керек. Жапондар құрастырған аппараттың салмағы небәрі 4 келі, ал ұзындығы мен ені 36 сантиметрден кем түспейді. Жаңа технологиялар сайысына АҚШ, Израиль, Малайзия, Германия және Жапония сынды 16 елдің өкілі қатысқан. Барлық талапқа сай құрылғыны ойлап тапқан жеңімпаз топ 20 миллион АҚШ доллар сыйақы алады.
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 года назад
Бөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 года назад
Cаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 года назад
Nurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 года назад
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 года назад
Cаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 года назад
2025, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.
