ЛИВАН ТҰРҒЫНЫ КҮН КӨЗІНЕ ТАҒАМ ПІСІРЕТІН ПЕШ ОЙЛАП ТАПТЫ
ЛИВАН ТҰРҒЫНЫ КҮН КӨЗІНЕ ТАҒАМ ПІСІРЕТІН ПЕШ ОЙЛАП ТАПТЫ

Ливанда жергілікті өнертапқыш күн қуатымен түрлі тағам пісіретін пеш ойлап тапты. Бұл жаңалық тұрмысы нашар халықтың жағдайын біраз жеңілдетпек. Ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешкен Ливанда жанармай тапшы. Осының кесірінен электр энергиясының өндірісі күрт азайып, күніне тек бірнеше сағат жарық беріледі. Кәсіпорындар мен ауруханалар жабыла бастады. Әсіресе, наубайханалардың жағдайы мәз емес.  Нан мен тоқаштарды дайындау үшін электр энергиясы қажет. Ал дизельді генераторларға құятын жер майы жоқ. Тұрғындар амалын тауып, үйлерінің шатырларына Күн батареяларын орнатып жатыр. Ливанда жылына орта есеппен 300 күн шуақты болып тұрады. Жергілікті өнертапқыш Туфик Хамдан Күн қуатымен істейтін пешті ойлап тауып, осы мәселені шешпек.

Туфик Хамдан, компанияның негізін қалаушы: - Сұйық май осы айналардан өтіп 300-400 градусқа дейін қызады. Бұл жылуын тағам мен сусындар дайындау үшін қолданамыз. Нан, круассан секілді осындай температурада пісетін барлық бұйымды шығара аламыз.

Тәжірибе ретінде алғашқы пешін Ремхала ауылындағы наубайханада орнатты. Иесі осының арқасында айына 10 тонна отын үнемдегенін айтады.

Виссам Шамседдин, наубайхана иесі: - Дизель отынын үнемдеумен қатар өніміміздің де сапасы артты. Өйткені таза жылуды қолданамыз, отының иісі жоқ. Мемлекет бізді электр қуатымен қамтымайды, генераторларға тәуелдіміз. Ал отынының бағасы шарықтап кетті. 

Бұл жоба елдегі әлеуметтік ахуалды жақсартатын түрі бар. Өйткені, әрең күнін көріп жүрген жұртқа нанның қымбаттауы ауыр тиді. 

Хитаф Газал, компания менеджері: - Бұл пеш наубайхана иелеріне дизель отынына жұмсайтын қаражатының 80 процентін үнемдейді. Сәйкесінше нанның бағасы да арзандайды. Өкінішке орай, дағдарыс кезінде көптеген адам әрең күнін көріп отыр.  Сондықтан нан өндірудің өзіндік құнын азайтып, азаматтарымыз тұтынатын азық-түлік бағасын да төмендете аламыз. 

Жоба сәтті жүзеге асса, ел көлемінде іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ, 2030 жылға дейін барлық азық-түлік пен сусындар шығаратын кәсіпорындарды таза энергияға ауыстыру жоспарда бар. 

Бекболат Тұрмаханов. Site Logo

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 2469
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167