Қазақстанда қаңтардан бастап кәсіпкерлердің қарызы кешіріледі
Қазақстанда қаңтардан бастап кәсіпкерлердің қарызы кешіріледі

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елбасының тапсырмасымен салықтық рақымшылық жүргізіледі.

Рақымшылыққа 340 млрд қарызы бар 90 мың кәсіпкер ілінеді, деп жазады stan.kz порталы Sputnik ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Мемлекет 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін тиісті қарызын өтейтін кәсіпкерлердің айыппұл мен өсімін кешіруге міндеттелді.

Қаржы министрінің мәліметінше, ведомство 130 млрд теңге қарызды кешіруді жоспарлап отыр. Оның 123 млрд теңгесі өсім, 7,3 млрд теңгесі айыппұл.

Салық бойынша көтерме және бөлшек саудада – 37% немесе 123 млрд. теңге; құрылыс – 29% немесе 98 млрд. теңге; кен өндіру өнеркәсібі саласы 10% немесе 36 млрд. теңге қарыз.

Салықтық қарыз бойынша көшбастап тұрған Қарағанды облысы- 56 млрд теңге немесе 15%. Алматы  54,2 миллиарда теңге немесе 14,1%. Шымкент қарызы 48 млрд теңге немесе 13,4%. ШҚО 39,3 миллиарда теңге немесе 10%.

Салықтық заңды бұзуға бухгалтерлік қателіктер, салықты өтеуге ниетсіздік, азаматтардың салық заңы туралы білмеуі, келісім шарт бойынша талаптардың орындалмауы себеп.

Салықтық амнистияға акциздік өндірушілер, мұнай компаниялары, жалған кәсіпорындар ілінбейді.

Қазақстанда салықтық амнистия 2001 (480 миллиондоллар ), 2006-2007 (472 миллион доллар), 2014 жылы болды.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 лет назад 2252
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167